Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет27/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1., 201 б.


38


АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ (лат. іnformatіo – түсіндіру, хабарлау) – 1945 жылы жапон ғалымы Е. Масуда енгізген термин. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдердегі капитализмнің бұрынғы индустриалдық капитализмнен бөлек екендігі айқындала түсті. 1960–70 жылдары Батыс ғалымдары (Д. Белл, Р. Арон, З. Бжезинский, О. Тоффлер, Рим клубы өкілдері т. б.) принципті жаңа қоғам қалыптастыру туралы ілімдерін көпшілікке ұсынады. Оны әртүрлі атаулармен атады: супериндустриялық өркениет, постиндустриалдық қоғам, технотронды, телекоммуникациялық, ақпараттық қоғам. 1990 ж. шыққан Д. Нэсбит пен П. Эбурдиннің «Мега- тенденциялар. 2000 ж.» еңбегінде жаңадан қалыптасып келе жатқан өркениеттің төмендегідей басым бағыттары аталып өтті: 1) жаңа жоғары технологиялар; 2) социализмнің кейбір элементтерін еркін нарықтық қаты- настармен үйлестіру; 3) әмбебапты өмір салты және мәдени ұлтшылдық;

  1. жеке және мемлекеттік дәулеттіліктің ұштасуы; 5) өнер мен көркем мәдениеттің өркендеуі: 6) діни жаңғыру; 7) тұлға марапаты. Өркениеттілік- тің басты тірегіне әмбебапты ақпараттандыру жатады. А.қ. тіршіліктің барлық салаларын қамтып отыр: техникалық салада – жаңа ақпараттық технологияларды өндірісте, іскерлік қатынастарда, білім беру саласы мен күнделікті тұрмыста қолдану; экономикалық салада ақпарат ең басты тауарға айналды, әлеуметтік салада ақпарат өмір сапасын көтерудің негізгі құралына айналды; саяси салада ақпараттың еркін және ғаламдық алмасуы демократия мен азаматтық қоғамды насихаттады, мәдениет саласында А.қ. жетістіктері мәдени сұхбат пен құндылықтар алмасуына себебін тигізді. Ақпараттың принципті жаңа түрлері адамзат мәдениетінің жазу бітімінен экрандық мәдениетке ауысуына негіз болды.

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Әлеуметтік философия. Т 17. – Астана: Аударма, 2005: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АҚЫЛ, интеллект (лат. intellektus – түсінік, таным) – мәселелерді тануға, ұғынуға және шешуге жалпы қабілеттілік. А. ұғымы тұлғаның сезіну, қабылдау, есте сақтау, ұғыну, ойлау, қиялдау сияқты барлық танымдық қабілеттерін біріктіреді. Академик Н.Н. Моисеевтің айтуынша, А. ең алдымен, мақсат қою және сол мақсатқа жететін ресурстар мен стратегияларды жоспарлау. А-дың бастапқы нышандары жануарларда да болады және осы деңгейде де А. мақсат қою және мақсатқа жету арқылы жануарлардың дамуына ықпал еткен және ықпал етеді. А. ықпалы бір адам өмірімен шектелмейді. Homo sapiens түрінің интеллекті дамығаны сонша ол оны жанурлар әлемінен бөліп әлеуметтік және өркениеттік дамуға көшірді. В. Прайдтың айтуынша, А. адамзат дамуының қазіргі және келешектегі динамикасын анықтайды.


39

А. қабілет ретінде басқа қабілеттер арқылы жүзеге асады. Олар тану, үйрену, қисынды ойлау қабілеттері, зерделеу арқылы ақпаратты жүйелеу, оның пайдалылығын анықтау, онан байланыстар, заңдылықтар және айырмашылықтар табу, ұқсас нәрселерді бір бірімен салыстыру. Адам ақылының мәнді қасиеттері ретінде А-дың сыншылдығы мен тереңдігін, елгезектігі мен икемділігін, қисындылығы мен уәжділігін атауға болады. А-дың кейбір қасиеттерінің дамуы бір жағынан генотипіне тәуелді болса, екінші жағынан өмірлік тәжірибесіне байланысты. Тоталитарлы әлеу- меттерде тар ойлау шеңбері пайда болады, ол өз-өзіне тек мансапқор, пен- делік мақсаттар қойып, ол зерделік балаңдыққа әкеледі. Тұлға тек топтық, тобырлық стереотиптермен тірлік етеді. А. мазмұнында деформация пайда болады. Ондайда ой ригидтік нәрсеге айналады, өзгеріске көнбейді, бәріне тек шаблонмен қарайды. Бұл А-дың басты қасиеттерін жоғалтумен бірдей.




АҚЫН – поэзиялық шығармаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркем сөз өнерін қалыптастыратын тұлға. А. көшпелі қоғамда әлеуметтік пікірді жеткізуші. Қазақтың сөз мәдениетінде жырау, жыршы, өлеңші сияқты тұлғалар айқындықты өнер ретінде меңгерген. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде шынайы А. өзінің суырып салып өлең айтуымен дараланған. Ол өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарының сүйемелдеуімен орындаған. А-ға тән қасиеттер: а) ескіше оқыған, көп білетін адам; ә) қасиет пен құндылықтардың суретшісі, жасаушысы, содан әлеуметтік мәртебесі жоғары дара тұлғалыққа ие болды; б) халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастырған сөз шебері, ауызша А. жырлап не жазып шығаратын өнер иесі; в) А. айтыста тіршіліктегі ащы-тұщының себепті байланысын есінде сақтады, реті кел- генде ашық, жанға батыра еске салды. Оның асыл сөзі – ақиқаттың айқын үні, ойшылдың өткір ойы. Оның серпілісі өз қиялынан, таным объектісінен қанат тапты, нақты оқиғаны өрнектеуімен көп құлағына жақты. Әрекет бастауын адамдыққа және бітімге арнады. А. тойда, ойын-сауықта көптің іліп аларына көңіл бөлді. Ол бұралқы сөзбен емес, батыл оймен, әнді дауыспен көпті өзіне қарата алды. Мұндай тұлғалық пен тектілік қазақы танымды ерекшеледі. Тілдері нық, ойлары анық болды. Ашық сөз саптауда немесе жарыста сөзін жинақы таратты, ойын тартымды, әдет-ғұрыптың жағымды, оң жақтарын жеткізумен көптің көңілін жаулап алды. А-дар туралы «Тәңірі қуат берген, Тәңірі жарылқаған шабыттылар» деген түсініктер таралған.
А-ның жаны таза. Жаны тазаның ағартушылығы арыдан басталады. Оның талғамы, ой өрісі, мәдениеті көп алдында сыннан өтті, ширатылды. А. дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренгенін де дер кезінде нақышына келтіре өрнектеген. Шығармаларының көпшілігінде заман туралы айтады,


40

шындықты айтып, халық қамын білдіреді. Осы тұрғыдан қазақтың жаман мінездерін, ескі қалдықты, билердің үстем қылықтарын сынайды. Бұл А-дық қабілет пен мұратқа тән ерекшелік.


А. қабілеттің арқасында табиғатқа тіл бітіп, адамның тұла бойындағы құдірет, бас бостандық, ел мен жер танытқан шындық (Шал, Шернияз, Мәделі, Ақмолла, Майлықожа, т. б.) көріністері ашылды; ел мұңы, заман зары мен жыры (Махамбет, Дулат, Шортанбай,т. б.) ұрпақтар жанында әрдайым жаңғырды. Сергек ойлы ақындар, сыршыл әншілер, ұғымтал саз- герлер (Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса,) қазақ музыкасының мазмұны мен түріне, орындаушылық өнеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Қазақы таным алдағы күнге деген үмітімен, өткен күнге деген сағынышымен ерекше. А. алдымен өз басы мен болмысының иегері болды, адамдық туралы ойланды, адамгершілікті түсіндіріп бақты. А-та елге, жерге, ағайын- жұртқа деген сезімталдық, сүйіспеншілік, сенімділік үнемі және үлгілі тұрғыда таратылады. Әдебиетте А-ды – әнші А., айтыскер А., жазбаша А. деп жіктеушілік орын алған. А-дық жырау мұраты – шығармашылық қажеттіліктен туындайтын көркемдік пайымдаумен және субъективті сапалықпен, яғни, өзін ұрпақ-ұлтымен үйлестіретін және еліне қызметін тездететін ізденістермен үндес. Мұндай тұлғалық пен тектілік қазақы танымды ерекшеледі. А-дық білімді өндіру қабілеті, тіл шеберлігіне деген жауапкершілік. Онда адамның тұлғалық деңгейі мен тіршілік тұтастығын жеткізетін, тұрмыс-салт мұқтаждарын көрсететін кемелдік айқын. А-дықта тіл мен білімнің жетілу эволюциясы қатар жетіледі. Өйткені А. халқымен тілдеседі, заманымен үндеседі. Тұлғалық пен тіршілік тұтастығын, тіпті халықтың идеялық, рухани біліктілігін нығайту – А-дық толғаныстың мәңгі тақырыбы. Оның басты бір сырын А. Байтұрсынов: «Ертедегі адамдардың табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң адамның өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас өзектес сияқты күйде өмір кешкен» деп түйіндейді.
А. номадтық мәдениеттің синкреттік тұлғасы, ауыз әдебиетінің халық дәстүрлерін сақтаушы. Сондықтан олардың көрнектілерін «халық ақындары» деген (Нұрпейіс, Кенен, Жамбыл т. б.). Халық ақындары тек қазақта емес, сонымен бірге тыныс-тіршілігі ұқсас қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, түркімен сияқты халықтарда да бар. Ақындық өнер қазақтың жаз- ба әдебиетінде де жалғасқан. Жазба әдебиетіндегі А-дар бұрынғы фольк- лордың құндылықтарын сақтай отырып, заманның жаңа талаптарына сай жанрлық, стильдік, көркемдік, идеялық-мазмұндық өзгерістерге барған (Абай, Шәкерім, Мағжан, С. Торайғыров, С. Сейфулин, М. Шаханов, О. Сүлейменов т. б.). Зерттеушілер қазақ поэзиясының тарихи кезеңдеріне, мәдени ақпарат беру тәсілдеріне, стилі мен жанрына қатысты А-дарды жыршы ақындар және жазушы ақындар деп екі топқа бөледі. Қазіргі


41

күндері ауызекі ақындарды шығарм. ерекшеліктеріне байланысты: айтыс ақындары, әнші ақындар, термешілер т. б. деп жіктеп таратады.


Әдебиет: Исмаилов Е. Ақындар. – А., 1956; Қазақ халқының филосо- фиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2005; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет