Зерттеудің көкейкестілігі



бет1/10
Дата10.07.2022
өлшемі75,92 Kb.
#147378
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова т.б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов, А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды.
Сонымен қоса, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін ашуға А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И.Кобыляцкий, Р.А.Низамов еңбектері арналды.
Өзіндік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк, Т.Т.Галиев, Е.Я.Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон, Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.
Студенттерің өзіндік жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын жан-жақты талдап, оның студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктері зор.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова, Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева, Р.И.Бурганова, Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай, М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов, Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов, К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова, Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.
Жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруда туындайтын қарама-қайшылықтар және оны ұйымдастыру тиімділігінің төмендігі жайында О.А.Абдуллина, Н.Г.Бакрадзе, С.И.Архангельский еңбектерінде айтылады.
Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және кәсіптік бағыттылығын қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін, ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру- дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
Алайда, педагогика ғылымы мен практикасында студенттердің өзіндік жұмысы кеңінен қамтылғанмен, еліміздегі жоғары мектепте кредиттік оқыту жүйесін ендіруге байланысты білім беру парадигмасы өзгерген жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі толық зерттелмегені анықталды. Жоғары мектеп, мемлекет, қоғам тарапынан болашақ мамандардың тұлғасы мен кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға қойылатын талаптар және кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының маңызының артуы оны тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Алайда, кредиттік оқыту жүйесінде өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға қатысты нақты ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарының ғылыми тұрғыдан негізделмеуі мен кредиттік оқыту жүйесінде болашақ мамандардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажеттігі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.
Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады: ол студенттердің кәсіби бағыттылығын осы кредиттік оқыту жүйесіндегі білім мазмұнына сай жетілдіру үшін студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі және зерттеу проблемасын шешу мақсаты тақырыпты «Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» деп алуға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет