1 ӨНЕР, ӨНЕРДІҢ БАСТАПҚЫ НЫШАНДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙҚЫНДАЛУЫ Өнер — керемет кұдіретті күш! Өнер —қоғамдық сананың бір түрі. Өнер - өмір шыңдығы көркем образ жүйесі арқылы бейнелейтін сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерінен даярланатын формасы. Көркем образдар кұрамының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, (скульптура), графика, көркем әдебиет, театр,кино, өмір кұбылыстарын тікелей бейнелейтін өнер, музыка, би, сәулет өнері оларды суреткердің ішкі идеялық- сезімдік байланыстары арқылы береді.
Сөздің кең мағынасында өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Түйіндей айтқанда, өнер — адамның дүниеге, болмысқа деген наным сенімдерін дамытушы.
Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлықты арттырады; бұл ретте өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша.
Саналық пен білімділікке жетелеген қозгаушы күші және әсемдік пен пәк сезімдердің қайнар көзі болды. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жактылыкқа, сезімталдылыққа, сүйіспеншілікке баулып, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиелейді.
Өнер кұбылыстарының ең алғашқы белгілерін іздеген кезде зерттеуші көптеген қиындыктарға кездеседі, өнердің дәл осындай белгілі тарихи кезеңде пайда болмағанына , назар аударады. Оның ұзакка созылған дамудың нәтижесінде өнер деп айтуға болмайтын үлгілерден калыптасқанын байкайды. Өмір сүру үшін, тіршілік үшін адам әркашан өзін қоршаған дүлей табиғатпен күресуі керек болды, еңбек ету кажет болды. Бос уақытында адам өнерді ермек етті. «Өнер дегеніміз қуаныш, шаттық сезімін туғызатын ойынның бір түрі», - деп уағыздайды, бұл теорияны жақтаушылар. Ойыннан, ермектен өнердің көне түрлері би, ән, сурет салу, графика пайда болды.
Адамзат тарихындағы маңызды кезеңдерінің бірі болып саналатын тас дәуірі. Қазіргі кезде бізге белгілі ең көне өнер алғашқы қауымдық өнер немесе тас дәуірі өнері деп аталады. Тас дәуірінде өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар тез дамыған. Тас дәуірінің алғашқы кезеңі палеолит заманында адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, дамытты.
Көне тас ғасыры ежелгі орта және соңғы палеолит болып бөлінеді. Палеолит нышандарын тудырып қана қоймай, оны ары қарай дамытты. Алғашқы ретсіз сызық белгілерден бастап, сан түрлі аңдардың, тіпті адамдардың бейнесін бейнелейтін дәрежеге көтерілді. Палеолит дәуіріндегі өнердің бір топ үлгісі Испанияның атақты Альтамира үңгірінен табылды. Үңгірде ертедегі адамдар салған көптеген аңдардын, негізінен қодастың, жылқының, қабанның әр түрлі кимыл қозғалыстағы кейіптері шеберлікпен кескінделген. Ертедегі адамдардың санасында сонымен қатар сыйқыршылық, сенім (магия) берік орнаған. Осы сенім адамның сурет салуына үлкен ыкпал етіп, өнерді меңгеруде жаңа бір сатыға көтерген.
Ерте дүниеде Мысырдың адамзат тарихында гүлдену бесігі болғаны баршаға аян. Жер Орта теңізінің аңызақ желмен тербетілген толқындарына тойымсыз көзбен қалай қайран қалып қарасаңыз, сол теңіздің жағасынан бой жазып, көкпен ғимараттары бар Александрия қаласына дәл солай сүйсінетіндей атын айдай әлемге танытып,ықылым заман бойы данққа бөлеген зәулім маяк. Бір кезде ғаламның ғасырлар бойы шежіресін сақтаған, даланың қайталанбас қасиетті сөзін жинақтаған кітапхана да аса кереметтердің тізіміне ілініп еді. Қала атын төрткүл әлемге түгел танытқан маяк Фарос аралына, сол данқынан дақпырты асқан танытқан Александрияга кіре берісте салынған еді. Уақыты Ш- ғасыр (сурет-1)Шынында да өнер дәуірінде бұдан ірі құрылыс ешбір жерде, ешбір елде бой көтермеген болатын. Тұтас мәрмәр тастан қашалған, қалыптан шыққандай қаланған маягтың биіктігі-150 метр. Мысыр елі халқының күллі тарихының жалғыз «тірі» куәсіндей, олар ерекше мактаныш етіп, киелі санайды. Жеті кереметтің бірі.
Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан пирамидалары да жеті кереметтің бірі (сурет-2). Ертедегі Мысыр -құл иеленуші ел, ғибадатханалар, пирамидалар елі аталып, тарихта Мысыр салихалы орын алған атышулы мемлекет.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктirі — 147 метр. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, кұрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен, аптапты Мысыр аспаны астында мыңдаған кұл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны кұрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
Танның атысына, күннің батысына қарамай кұлдарды аяусыз еңбекке салу нәтижесінде Ніл дариясы өңірінде ғасырлар бойы көптеген ескерткіштер орнатылды. Олар «Құдіретті кұдайдынюң» жер үстіндегі әміршілері аталған фараондардың о дүниге барғанда жанға сая, басқа пана болатын мәңгі үйлері болып есептелінді.
Нағыз өнерге оқыту, мектеп ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде ғана пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады. Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су кұбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А эрпі кұс бейнесінде, Б әрпі адам аяғының бейнесінде салынды. Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қаранғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ал мектептер заңында былай делінген: "Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың".
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылыктарды жасай бастады. Олар сурет салуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байкауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негізделді.
Мысыр (Египет) мемлекеті әрдайым біртұтас, куатты ел бола алмады. Жалпы ішкі қайшылықтар, билеуші топтың шектен тыс сән- салтанаты мен халыктың қайыршылығы мемлекеттің бүкіл кұрылымын шайқалтып жіберді.
Көрші елдермен соғыстар, басқа да жаңадан құрылған қуатты мемлекеттердің тұтастығына қауіп төндірді. Орта патшалык, ягни 11 және 12-ші әулеттер билігі қарсаңында шетелдіктердің басқыншылығы, өзара ала ауыздықтар, ежелгі мемлекеттің уақытша жеке аймақтардың ыдырауына әкеп соқты. Бұрынғы перғауындарды мадақтау үшін салынған алып кұрылыстар егінші халықты еңбектен қол үздірді де, елдің экономикалық қуатын өлсірете берді.
Осының бәрі шаруалар мен құлдар көтерілісіне ұласып, Мысырдың рухани өміріне де өз таңбасын салды. Сонымен бірге жетістіктер де болды. Математикада шар бетін есептеп шығару сияқты есептер ойдағыдай шешіле бастады. Мән сияқты өзгермейтін өнерде шет аймақтық (провинциялын) билеушілердің сaрайлары жанында пайда болған көркем өнер мектептерінің реалистік күштері көріне бастады. Перғауын бұрынғыдай кұдай мағынасы саналды.