Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамудың негізі Жоспары



Дата08.06.2023
өлшемі13,13 Kb.
#178464
Байланысты:
дарис 10 (3)


Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамудың
негізі
Жоспары:

  1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.

  2. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі: білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты. Білім обективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетаным дамуының үлкен тірегі. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар бар.Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез –құлқын сипаттайды.Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы,талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің əлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның
белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы əдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нəтижесінде қалыптасады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Дүниетанымның философиялық негіздері?
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ?
3. Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдерін атаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет