Сабақтың тақырыбы : Лиро эпостық жырлар



Дата02.02.2017
өлшемі120,3 Kb.
#8547
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы


Сарыағаш қаласы

№135- жалпы орта мектебінің



қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Омарова Жанар Намазбаевна
Қазақ тілі 9-«а» сынып Сабақ жоспары №1

Пәні: әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жыры Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ бойынша лиро – эпостық жырларына тоқталу. «Қыз Жібек» жыры оның мазмұны мен идеясына ашу. 2.Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өз ойын ,пікірін әдеби тілде жеткізе білуге машықтау. 3. Имандылыққа, адамгершілікке, Отанын, ата- анасын, досын, бауырларын сүйе білуге тәрбиелеу. Нәтиже: Оқушылардың ой - өрісі, қиялы дамиды. Әдеби тілде өз ой пікірлерін еркін жеткізе біледі. Мәліметтер жинау,іздену жұмыстарына машықтанады, бауырмалдылыққа жақсы қасиеттерге және әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйренеді Сабақтың әдісі: Топтастыру ,Ой қозғау, «Сұрақ-жауаптар» стратегиясы, «Тұжырым» әдісі «Жолақты пирамида» әдісі Сұрақ-жауаптар» стратегиясы «Жолақты пирамида» әдісі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату Ой қозғау: Видео - ролик «Қыз Жібек» фильмнен үзінді «Қыз Жібек» фильмнен алған әсерің «Сұрақ-жауаптар» стратегиясы «Қыз Жібек» фильмінің режиссері кім ? Фильм қай жылы түсірілді ? Қыз Жібектің рөлін сомдаған актриса. Төлегеннің рөлін сомдаған актер кім ? Бекежанның рөлін сомдаған актер кім? «Тұжырым» әдісімен жұмыс жүргізу «Қыз Жібке» жырындағы әдет – ғұрыптың қайсысы қазіргі таңда сақталған? деген сұраққа әр топ өз ойларын сурет арқылы жеткізеді. Оқушылар топ басшысымен біріге отырып , плакатқа өз ой-пікірлерін көрсетеді, соны қорғап шығады. Сәйкестендіру венндиограмасы Қыз Жібектің тұсындағы қыздар Осы кездегі қыздар

«Жолақты пирамида» әдісі: Қыз Жібек сөзін ала отырып, Жібектің бойындағы асыл қасиеттерді синоним етіп тізбектеу. Қ - ЫЛЫҚТЫ Ы - НТЫЗАРЛЫ З - ЕЙІНДІ Ж - ІГЕРЛІ І - ЛТИПАТТЫ Б - АЙЫПТЫ Е - РКЕ К -ӨРІКТІ

Кері байланыс: -Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз? -Жер бетінде қазақ деген халық барда «Қыз Жібек»те жасай бермек»,- дегенді қалай түсінесіңдер? Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау. Үйге тапсырма: «Қыз Жібек» жырын оқып, түсіну. Шынайы махаббат дегенді қалай түсінесің? тақырыбында эссе жазып келу.

9-сынып Сабақ жоспары №2



Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек!» поэмасы Сабақтың мақсаты: Поэмадағы қазақ халқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға – Райымбек баба өмірі, жасаған ерліктері, жорықтары жайлы мағлұмат беру.. Нәтижесі: Елін , жерін қорғауға даяр болуға шақыру, батыр бабаларды қадірлеуге , құрметтеуге баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру Сабақтың әдісі: Талдау , сұрақ – жауап, түсіндіру , ауызша Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын сұрау: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына «Ара ұясы» әдісімен оқушылар жаппай «Мұқағали поэзиясы – ең құдіретті поэзия» тақырыбы бойынша ойтолғау жазады. Жаңа сабақ: Оқушыларды үш топқа бөлу 1-топ Алғырлар 2 – топ Білімділер 3 – Тапқырлар Жаңа сабақты қысқаша түсіндіру. а) Ақынның «Райымбек, Райымбек!» поэмасында қазақ тарихының қай кезеңі суреттелгені туралы ә)Поэмада Қабай жырау бейнесі, оның не себепті күңіренгені туралы б) Поэмадағы Райымбек батыр бейнесі, батырдың қасиеттері туралы г) Автор халық бойындағы бейқамдық , енжарлық , қамсыз- қарекетсіздік тағы басқа жағымсыз қылықтарды қандай жолдар арқылы көрсеткені туралы ғ)Үзіндідегі би кім? Автор оны қандай адам ретінде суреттегені туралы Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып «Тұжырым» әдісі бойынша тапсырмалар беру

Райымбек батырдың жорықтары , ерліктері жайлы деректер жинау және оқушылар өз шеберліктері арқылы плакатқа сурет, сызба бойынша сызып талдау

Оқушылар «Тұжырым» әдісімен жұмыс жүргізіп жатқанда , үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу «Райымбек , Райымбек!» поэмасын оқыту, оқыған тұсының мазмұнын әңгімелеп беру және поэмадағы архайзм сөздерді теріп жаздыру. Оқушылардың білімділігін , шапшаңдығын тексеру мақсатында «Сұрақ-жауаптар» стратегиясы а/Мұқағалидың өлең арнаған дос қызы: Фариза ә/ Қызы : Майгүл б/ Жан серігі: Лашын г/ Мұқағали курсы бағдарламасының авторы: Жұмаш ғ/ Өлеңі: «Үш бақытым» д/ Поэмасы: «Аққулар ұйықтағанда» ж/ «Райымбек» поэмасы қандай әнмен басталған? е/ Аветик Исаакяннан аударған аудармасы: Сократ

Поэманы басқа шығармалармен байланыстырып , мысалдар келтіру Төлен Қаупынбайұлының «Райымбек батыр» кітабы , Ж. Тұрлыбековтың «Тамыз таңы» , «Райымбек» атты кітаптары бойынша салыстыру.



Кері байланыс: -М.Мақатаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны қандай ? -Поэманың көркемдік ерекшелігі, сюжет желісін жеткізудегі диалог пен сұраулы сөйлемдердің рөлі?

Бағалау: Топбасшылардың қолындағы бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

Оқушының аты-жөні

Сабаққа қатысуы

Ортаға идеясы

Сөйлеу мәнері

Тәртібі































Үйге тапсырма: Жалпы өткен тақырыптарды тиянақтап түсіндіре отырып, деңгейлік тапсырма беру.

«Алғырлыр» тобы «Білімділер» тобы «Тапқырлар» тобы



Райымбек бабаның ата-тегі туралы оқып келу

Райымбек батырдың жорықтары жайлы мәліметтер

Поэмадан ұнаған тұсын мәнерлеп жатқа оқу

№3 сабақ жоспар

10-сынып

Пәні: қазақ әдебиеті



Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары Сабақтың мақсаты: Ақан Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, ақынның шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіш қасиеттерін арттыру. Ақан жырларындағы бейнелі сөздерге көңіл аударту. Нәтижесі: Оқушылар Ақан сері Қорамсаұлы туралы білімдерін ұштастырып,өзара білімдерін жинақтайды. Ақынды терең оқып тануға ,оның өлеңдері арқылы табиғатты ,елді ,жерді қадірлеуге,сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге машықтанады.

Әдіс-тәсілдер: денгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс, «Топтастыру» стратегиясы, «Кластер» әдісі,семантикалық карта, «Тапқыр болсаң-талас жоқ» әдісі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату Оқушыларды топқа бөлу

  • «Метафора» тобы

  • «Теңеу» тобы

  • «Эпитет» тобы

Әр топ өз атаулары бойынша әдеби-теориялық ұғымдарды қорғайды. Деңгейлік тапсырмаларға жауап береді

  • «Метафора» тобына 1-деңгейлік тапсырма-Ақан шығармаларын мәнерлеп оқу 2-деңгейлік тапсырма – Метафора дегеніміз не? 3-деңгейлік тапсырма – Ақан сері шығармаларынан метафораны табу

  • «Теңеу» тобына 1-деңгейлік тапсырма-Ақан сері Қорамсаұлының өмірін әңгімелеу 2-деңгейлік тапсырма – Теңеу дегеніміз не? 3-деңгейлік тапсырма - Ақан сері шығармаларынан теңеуді табу, талдау

  • «Эпитет» тобына 1-деңгейлік тапсырма- Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармаларын жатқа оқу 2-деңгейлік тапсырма – Шығармалардан эпитетті табу, талдау

  • 3-деңгейлік тапсырма - Ақан бейнесін сомдау

«Ой шақыру»

-Ақын деп кімді айтамыз? «Сал ,сері» сөздерінің сырына, мәніне үңілейікші, балалар!

«Кластер» әдісі: Оқушының қызығушылығын ояту, тапқырлығы мен ойлау қабілеттілігінің ұшқырлығын байқау үшін 3-топқа да бірдей тапсырма беру

Нұсқау: «Ақан» сөзіне Ақан бойындағы ерекше қасиеттерді тіркестіріп жазу

Ақан

Серілігі

өмірі




Отбасы

шығармалары


Семантикалық карта:

Әр топқа деңгейлеп Ақанның өлең шумақтарынан картаға үзінді келтіру



Үзінді
Тақырып

Білеміндер омыраулап білмесе де...

Ғашық болдым ақсұңқар баласына...

Қазылып қалушы еді шапқан жерің...

Алдымнан сен бір қашқан маралдағы...

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы









+


Құлагер








+





Сырымбет





+








Заман адамы


+











«Тапқыр болсаң-талас жоқ» әдісі:

Тақырыпты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді қысқа сөзбен қамту қазақ тілі сабағымен байланыс 1. Бір зат есім сөз 2.Екі сын есім сөз 3. Үш етістік сөз 4. Мағыналы сөйлем құрау 5.Синоним тізбектеу Жазылатын ,айтылатын сөздер Ақанға қатысты болу керек.



  • «Метафора» тобы- Ақан

  • «Теңеу» тобы- Әнші

  • «Эпитет» тобы- Аңшы

І-топ

1.Ақын (зат есім)

2.Өр, дарынды(сын есім)

3. Толғанады,ойлайды тебіренеді (етістікті)



ІІ-топ 1.Әнші 2.Асқақ, талантты. 3.Шырқайды, қанатттанады,тамылжытады.

ІІІ-топ. 1.Аңшы 2.Байқампаз 3.Аулайды, атады,көздейді.

Кері байланыс: -Ақан шығармаларының тақырыптарын ,қай жылы көргенін тізбектеп айт Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау Үйге тапсырма: Сүйікті ақын туралы эссе жазып келу
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет