Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет294/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Мүтәліпов Жүсіп (25.7.1949 жылғы, Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Уәлиханов ауданы Нагоркое ауылы – 1911, Алматы) – философия ғылымдарының докторы (2004), профессор (2006). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚР Гуманитарлық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2005). 1983 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) 2011 жылға дейін оқытушы, профессор қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері мәдениет философиясы, филос. антропологиядінтану, ғылыми философиясы мен тарихы, мәдениеттану саласына арналған. «Шығыс пен Батыс өркениеттері сұхбатындағы қазақ мәдениеті» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 120-дан астам ғыл. жарияланымның авторы.
Ж. Мүтәліпов өзінің «Мәдени диалог және өркениеттер тоғысы» атты монографиясында (Алматы, 2012) «Қазақ өркениеті» ұғымына жан-жақты философиялық талдау берді. Оның ойынша, ұлтымыздың тарихи-мәдени тұлғасы мен табиғи өркениеттік болмысын ғылыми тұрғыдан тану заман талабына орай күрделеніп, тереңдей түсуде. Қазіргі кезде қазақ өркениетіне қатысты мәселелер шыңырау шегіне жетіп, Қазақстандық философтарының қызығушылығын тудырып, теориялық пікірталастардың зерттеу объектісіне айналып отырған шағы. Демек, сындарлы дәуірлерде қуаң тарта бастаған төлтума мәдениетімізге жан бітіріп одан әрі нәрлендіре түсу, сондай-ақ ғасырлар қойнауының қалтарысында ескерусіз қалған ұлттық мәдениетіміз бен өркениетіміздің баға жетпес асыл мұраларын заңды иесіне қайта ұсынуға талпынған ғалым Ж. Мүтәліповтың еңбегі зор. Себебі оның философиялық ізденісінің негізгі міндеті - әлемдік өркениеттер тарихынан ерекше орын алатын және өзіндік шежіресі мол көшпелілердің далалық өркениетіне тарихи-философиялық және антропологиялық түсіндірме беру.
Ж. Мүтәліповтың қосавторлықта жариялаған «Мәдениеттану» және «Культурология» оқулықтары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған кітап көрмесінде «Онжылдықтың үздік кітабының бірі» (2001) деп танылған. Оның есімі «Алаштың ардагер азаматтары» деп аталатын ғұмырнамалық жинаққа енген.


МУНЬЕ Эмануэль (1905–1950) – жеке тұлғаны абсолюттік құндылық деп тануға негізделген философиялық тұжырымдама – француз персона- лизмінің негізін салушы. Жеке тұлға туралы персоналистік ілімнің өзегі: адам жер бетіндегі гуманистік міндеттерді атқаруға міндетті және жауапкер- шілігі мол. «Қызықты өмір» идеясы негізінде оны шығам. белсенділікпен атқаруы тиіс. Мәтін ұғымында мәдениет жеке тұлғаның «глобальді міндеті» адамның өзінің адамгершілікті тану жолындағы қызметі. М. «Персонализм» еңбегінде мәдениетке былайша анықтама береді «Мәдениет өмірдің әлде бір бөлігі емес, керісінше ол «глобальды міндет», әлем мен адам, өмір мен тіршілік, ондағы қарым-қатынас бәрі де мәдениет... Жеке өмір дегеніміз қор жинау және бір шеңбермен айнала беру емес, еркіндік пен биікке өрлеу болып табылатындықтан, мәдениет ешқашан білімнің ретсіз жинақталуы бола алмайды; оның мақсаты адамды түбегейлі қайта жасау және оның ішкі әлеміне деген сұраныс неғұрылым мол болғанда мәдениетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет