Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет291/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   401
Байланысты:
treatise187525

МОНТЕНЬ Мишель де (1532–92) – қайта өрлеу дәуіріндегі фр. фило- софы. М. ілімінің түп негізі – скептицизм. Оның пікірінше адам күмән- дауға хұқылы. Орта ғасырлық схолостика, католик дінінің догмалары, құдай тұралы христиандық ұғымның өзі де күмән тудырады М. жанның өлмей- тіндігі жайлы діни ілімді жоққа шығарып, сананы материяның ерекше қасиеті деп білді. Агностицизммен салыстырғанда М.-нің скептицизмі дүниені танып білудің мүмкіндігін текке шығармайды. Оның моралінің басты принципі: адам діннің уағыздайтын о дүниедегі жұмақты жай ғана күтіп отырмай, бұл дүниедегі, Жер бетіндегі бақытқа да ұмтылуға тиіс.


МОНТЕСКЬЕ Шарль Луи (1689–1755) – фр. ағартушысы-философы, саяси ойшыл, социолог әрі тарихшы. Дүниетанымы бойынша – деист. М.
қоғамдық адамгершілік тәртіптерді сақтаудағы діннің белгілі бір ролін мойындағандағымен, теология мен шіркеуді қатты сынға алды. М. қоғам мен табиғат құбылыстары бағытынан жалпы заңдылықтар идеясын дамытты. Провиденциализмді жоққа шығара отырып, ол заңды «заттар табиғаты- нан туатын қажетті қатынас» деп түйді. Табиғи хұқ теориясының жалпы алғышарттарын мойындай отырып, М. дәйекті рационалистік концентра- цияларды жақтаушыларға қарағанда, бұл теорияға сәйкес қоғамдық заң- дардың әмбебап жүйесін жасау мүмкін емес деп санады, өйткені халық- тардың өмір жағдайлары түрліше болып келеді. Осыдан басқару заңдары мен формаларының әртүрлілігі шығады. М. социологиядағы геогр. бағыт- тың негізін салушылардың бірі болды, қоғамдық тәртіптер мен әдет ғұрыптардың қалыптасуында климаттың, топырақтың, жер қыртысының т.с.с. ерекше маңызын атап көрсетті. Сонымен бірге М. қоғамдық ортаның роліне үлкен мән беріп, оның саяси құрылыс пен заңдар ұғымымен сәйкес- тігін тұжырымдады. Феод. абс. тәртіптерді сын төзіне алып, бурж. мен дворяндықтың саяси ынтымағының идеологы ретінде, орташа конститу- циялық монархия идеясын және өкімет билігін бөлісу ұстанымын жақтады.
Негізгі шығармалары: «Парсы жазбалары», «Римдіктердің шарықтауы мен құлдырау себептері туралы толғаныс», «Заңдар рухы туралы».


МОРАЛЬ – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа ала- тын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. М.
– қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды. М-дың пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар.

    1. Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай- дан беріледі.

    2. Эмпирикалық тұжырымдама М. адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.

    3. Автономдық тұжырымдама бойынша М. адамға әуелден, генети- калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі.

М-дың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық М-ға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық М-дық құндылық- тарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу
факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, М-дың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда М. ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет