Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет314/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   401
Байланысты:
treatise187525
1362406974316
ПРОТАГОР (б.з.б. 480–410 ж. ш.) Аберден шыққан еж.гр. филос., софистердің ең белсендісі, дінсіздігі үшін Афиныдан қуылған (оның
«Құдайлар туралы» деген кітабы өртеп жіберілген). Кейбір зерттеушілер П-дың сақталып қалған фрагментін: «Адам дегеніміз барлық нәрсенің: тіршілік еткені үшін тіршілік етушілердің, тіршілік етпегені үшін тіршілік етпеушілердің өлшемі» деп аударып, оны абсолюттік скептик ретінде түсіндірді. Бірақ гректің «жоқ» деген ұғымына сай келетін сөзді басқаша:
«тіршілік еткендіктен тіршілік етушілерді» және т.т. деп аударуға да болады. Бұлайша түсіндірілген жағдайда П. субъективист те, скептик те емес; оның тезисінде материалистік сарындағы антропологизмнің элементі бар; бұл Секст Эмпериктің П. үшін «материя өтпелі» және «барлық заттардың негіз- гі себептері (логостар) материяда болып табылады» дегенге келіп сиятын сипаттамасына сай келеді.


ПРОТЕСТАНТИЗМ – христиан дінінің бағыты. П-нің негізгі идеясы әрбір діндар адам Құдай мен тікелей сұхбаттасуға, уағыздар айтуға, діни парыздарды атқаруға құқылы деп білуде (Баршаның әулиелігі ұстанымы). П-де священник күнәләрді босатумен, тәубеге келтіру құқынан айырыл- ған, оны діндарлар қауымы жалдайды және ол осы қауымға есеп береді. П. Қасиетті жазуды теріске шығарады, діни ілімнің бірден-бірі көзі – Інжіл деп жариялайды. Оны оқып, түсіну әрбір діндардың басты міндеті. Нағыз сенімнің куәсі – адал еңбекпен келген табыс. Інжіл өсиеттерін іс жүзінде қолдану қажет деп таниды. П. адам еркін терістеп (туа біткен күнә салдарынан), парасатты сенімге бағындырғанымен іс жүзінде бұл парасат пен еркіндікті ақтау болып табылады. М. Вебер «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде Батыстағы адам әрекетінің барлық түрлерін рационализациялауға П-нің зор ықпал еткендігін атап көрсетеді. П. жеке бостандық, нарықтық қарым-қатынас, құқықтық мемлекет және табиғатты рационалды-техникалық қайта өндеу принципі негізінде құрылған жаңа өркениеттің рухани өзегі болды.


ПСИХОАНАЛИЗ – ХХ ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қайнауларында адамның жасырын жан сезім-


414


дері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені – Ол мен (көмескі сана) қор- шаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» бас- шылыққа алады, оның мақсаты – адамның көмескі санасына ықпал ету. Адамның Мені, Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды мәдени тыйым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада бел- гілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін элементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тыйым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығарм. қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет жағынан адамды жүйке науқасы неврозға ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығарм. фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Ф. психикалық үдерістер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Ф. психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт – либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Ф. адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты – талқандау. Кейінгі еңбектерінде Ф. екі түрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қоры- тындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инс- тинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Ф. психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи және т. б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық тео- рияны ХХ ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория


415

миф, ритуал, дін т. б. мәдениет аспектілері мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығарм. тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.


Р РАДЛОВ Василий Васильевич (1837–1918) – шығыстанушысы этно- граф және археолог. Алтайға, Сібірге, Қазақстан мен Орта Азияға бірқатар
экспедициялар жасады. Түркі халықтарының тілі мен ауыз әдебиетіне, этнографиясы мен археологиясына қатысты материалдар жинады. 1891 ж. Орхон экспедициясына жетекшілік етті, содан кейін дат ғалымы Томсенмен бірге көне түркі ескерткішінің мән-мазмұнын ашты. Ол көне қыпшақ ескерткішітерін, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білігін», Тоқтамыс, Темір- Құтылығтың жарлықтарын аударып, басып шығарды. Алғашқы болып қазақ ауыз әдебиетінің сұрыптамасын жасауды ұсынды, оның терминологиясын анықтады, дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларды ажыратты. Р. – түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізін қалаушылар- дың бірі. Ол «Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы» (1882), «Моңғолиядағы көне түркі жазбалары» (1894–95), «Түркі тілдері морфологиясы баяндауға кіріспе ойлар» (1911) атты еңбектер жазды, 4 томдық «Түркі атаулары сөздігінің тәжірибесі» (1882–1909) жарыққа шығарды. Бірқатар еңбектері түркі тілдерінің сұрыптамасы мен тарихи диалектологиясына, этногенезіне арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет