РАМАЯНА, Рама өмірі – санскрит тілінде жазылған Махабхарта сияқ- ты ұлы үнді эпостарының бірі. Поэма тарихын құрайтын тарихи оқиғалар шамамен б.э.д. XIV–XII ғғ. қамтиды. Эпостың ауызша пайда болуы туралы
«Рамаяна» мәтінінде айтылады. Оның аңыздары ауыздан-ауызға беріліп лютноның сүйемелдеуімен айтылған. Оны алғашқы орындағандар Р-ның ұлдары – Куша мен Лава. «Р-ның» үнді дәстүрінде ерекше бағалатыны – жоғары әдеби құндылығы. Ал оның аты аңызға айналған авторы Вальмики
– ұлы ақын деп танылған. Екі ғашық, Рама мен Ситаны күштеп ажырату – поэманың негізгі тақырыбы, ал сағыныш қасіреті – оның басты эмоциясы. Поэманың лирикалық сарынын күшейте түсетін тағы бір тәсіл – Айдохьи мен Ланки қалаларын суреттеу, ондаған табиғатты суреттейтін сюжеттер. Олардың әрқайсын эпикалық жырға тәуелсіз, кішкене лирикалық поэма ретінде қарастыруға болады. Вальмикидің «Р-сының» мазмұны мен негізгі сипаты сәйкес келетін Рама туралы қосынды поэма «Махабхартада» да бар.
РАХАТ – Ертедегі грек ойшылы Эпикур адам рақаттану үшін өмір сүруі қажет деген екен. Р. бақыттың ажырамас бөлігі болса, азап бақыт-
416
сыздықтың серігі. Р. шынайы және жалған болуы мүмкін, шынайы рақат адамның рухани өмір сүруінің басты арқауы. Шынайы Р-тың бірнеше түрі бар. Олар дене қажеттіктерін өтеу (тамақтану, сусындау, ұйқы, т. б.). Оларды тән Р-тары деп атауға болады. Бұлар хайуанаттар әлемінде де кездеседі. Р-тың енді бір көрінісі – жан Р-ы. Ол білсем, көрсем, үйренсем екен деген түсінік. Бұл екеуі де бала кезден ерекше байқалып жүрген Р-тың түрі. Кішкентайдан қалыптасқан жан Р-ы, ес кіріп, етек жапқан кезде тән Р-ының құлына адамның айналып кетуі де мүмкін. Осыдан барып басқа- ның азабына рақаттану, нәпсіқұмарлық, қатыгездік, өзін-өзі қинаушылық пайда болып, жалған Р-тар адам өміріне қайғы мен қасірет әкелетін кездері де болады.
РАХЫМДЫЛЫҚ – қайырымдылықпен егіз жақсы қасиет. Иманды адамның басты қасиеті – оның Р-ғы. Қасиетті Құран Кәрімде: «рахым, рахмет – жақсылық, ізгілік, мейірім, қамқорлық» делінген. Үйде де, түзде де басқаларға ерекше бір мейірімділікпен қарау, олардың қамын ойлау, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу – Р. Үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкен алдындағы ізеттігі, баланың ата-анаға деген мейір-шапағаты Р-тың тамаша көріністері. Кісінің Р-ғы тек өзінің жақын туған-туыстарына ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзатқа арналуы тиіс. Әсіресе, мүгедек, әлжуаз, жарлы-жақыбай кісілерге Р. жасау керек. Құранда да ондай кісілер- ге жәрдемдесу қажеттілігі ерекше ескерілген. Р-қа қарама-қарсы жаман қасиет – Р-сыздық. Ондай адам басқалардың тыныс-тіршілігіне немқұрай- ды қарайды. Ол тек өзі үшін, өзінің жеке үшін ғана өмір сүруді ұнатады. Р-сыздықтың тағы бір көрінісі – адамға жаны ашымаушылық. Р-сыз бала ата-анасымен және басқалармен дөрекі сөйлеседі, бейпілауыз келеді. Ол көп жағдайда өз қылығының әдепсіз екенін біле тұра, айылын жимайды, әдеп, ұят дегенді жинап қояды. Р-сыз атаулыдан сақтану керек. Әр кезде басқаға Р-ды болуға тырысу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |