Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет318/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   401
Байланысты:
treatise187525

РЕФЛЕКСИЯ (лат. Reflexio – кейінге оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі филос. жүйеде Р-ның мазмұны бірдей емес. Локтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әректтеріне бағытталғанда Р. ерек- ше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін, Р. – адамның жан дүниесін- дегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмның ұйғарымынша, идеялар – сырттан қабылданбайтын әсерлерді Р-лау. Гегель үшін Р. – екі түрлі нәрсенің мыс., мән мен құбылыстың өзара бейнеленуі. «Рефлекстеу» термині сананы өз өзіне үңілдіруді, өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды.


РИМ КЛУБЫ – жер жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдарын, саяси және қоғам қайраткерлерін біріктіретін халықтық, үкіметтік жүйеге жат- пайтын ұйым. Р.к. оның алғашқы президенті болған итальян экономисі, қоғам қайраткері және бизнесмені А. Печчейдің (1908–84) бастамасымен ашылды. 1984 жылдан Р. к-ның президенті – фр. ғалымы А. Кинг. Р. к. заңды түрде Швейцарияда тіркелген. Оның мүшелері қандайда болмасын ұйымның не елдің мүддесін арнайы ұсынбайды. Оның атқару комитеті


419

ұйымдық және үйлестіру қызметін жүргізеді. Р. к. жыл сайын жиналыстар, симпозиумдар, семинарлар өткізеді, саяси басшылармен және іскер әлемі өкілдерімен әрдайым кездесулер ұйымдастырады. Р. к. қызметі қазіргі ғаламдық мәселелерді зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған және адамзаттық даму барысында кездесетін қиыншылықтарды түсінісуді, соған лайықты қоғамдық пікірге ықпал етуді өзінің мақсаты деп санайды. Р. к-ның ынтабілдіруіменбірқатар зерттеу жобалары жасалынды, олардың нәтижелері мәлімдеме ретінде жарық көрді. Солардың қатарында: «Өсудің шектері» 1972, (жет. Д. Медоуз); «Адамзат үшін мақсаттар» 1977 (жет. Э. Ласло);


«Үйленудің шегі жоқ» 1979 (жет. Дж. Боткин, М. Эльманджра, М. Малица);
«Үшінші әлем: дүниенің төрттен үші» 1980 (жет. М. Гернье); «Болашаққа апаратын маршруттар» 1980 (жет. Б. Гаврилишин) және т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет