Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет339/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   401
Байланысты:
treatise187525

История античной эстетики. Софисты, Сократ, Платон. М., 1969; Кессиди Ф.Х. Сократ. – М., 1988.


СОЛОВЬЕВ Владимир Сергеевич (1853–1900) – орыс философы және діни қайраткері, публицист және ақын. Москва ун-тін бітірген (1873). С-тің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неопла- тонизмнің және басқа діни филос. жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол нем. философиясынан (Биме, Шеллинг, Гегель, Шопенгауэр және т. б.) славяншылардан көп нәрені қабылдап пайдаланды. С. ілімінің өзегі баршаның біртұтастығы идеясы болып табылады. Ол абсолюттік, құді- реттілік аясы ретінде, ал реалды, нақты дүние – осы идеяның дербестелуі және жүзеге асуы ретінде қаралды (олардың арасындағы байланысшы – әлемдік жан немесе софия, құдай даналығы). Шартсыз (біртұтастық) ақи- қаттың жақсылық пен сұлулықтың мінсіз, жетілген синтезі ретінде, С-тің пікірінше, мистикалық, рационалдық (философиялық) және эмпирикалық (ғылыми) білімнің жиынтығы болып табылатын «тұтас» біліммен ғана ұғынылады. Және де оның негізін мистикалық білім: таным нәрсесінің еш шартсыз өмір сүруіне сену; индуиция немесе нәрсенің ақиқат идеясын беретін қиял; шығармашылық (немесе осы идеяның тәжірибе арқылы іске асуы) құрайды.


СОФИСТЕР (гр. sophists – өнерпаз, дана) – «даналықтың», «шешен- діктің» кәсіби ұстаздары ретінде көрінген ежелгі гр. философтарын осылай атаған (б.з.б. V ғ.). С-дің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас тарту табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеум. релятивизм – олардың ортақ көзқарасы болып табылды. С-дің негізгі тобы («аға» С.) құл иеленушілік демократияны жақтады. Оларға ортақ қасиет – табиғатты жалпы материалистік тұрғыдан түсіндіру. Бұл топтың өкілдері
– Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар – алғашқы антикалық ағартушы- энциклопедияшылар болды. Олар таным мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Кейбір С-тер болмыс пен танып-білу мәселелеріне байланысты жалаң қорытындыға келді. (Горгий). Ақсүйектер тобына жататын С. – Гипподам, Критий – филос. идеализмге ойысты. С. дау кезінде кейіппен «софистика» деген атқа ие болған әдісті қолданды. Бұл бағыт кейінгі С-де (б.з.б. IV ғ.) айқын байқалды. Оларды Аристотель «жалған даналық» ұстаздары деп атады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет