Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


деп есептеді және мемлекеттің шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді. СПЕНСЕР



бет341/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   401
Байланысты:
treatise187525

443

деп есептеді және мемлекеттің шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.




СПЕНСЕР Герберт (27.04.1820, Дерби, – 08.12.1903, Брайтон), ағылшын философы және социологы, позитивизмнің негізін қалаушы- лардың бірі. С. Конттың философиясын жалғастырушы болды. Оның фило- софиялық көзқарастарынының қалыптасуына Юм, Милль, Шеллингтің философиясы әсерін тигізген. С. философияны құбылыстар заңдылықтары туралы біртұтас білім ретінде түсінген. Философия, оның ойынша, жеке ғылымдардан тек саны, мөлшері жағынан ғана, білімнің біртұтастығының мөлшері тұрғысынан ерекшеленеді. С. әлемді тануға болатын және тануға болмайтын деп екіге бөледі. Ғылым тек сезіммен қабылдаулардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды ғана танып-білуге мүмкіндік береді, оның шын мәнінде не жатқанын зерттей алмайды. С. социологияда органикалық мектептің негізін қалаушы болып табылады. Қоғамның тапқа бөлінуі, оның әр түрлі институттар аумағында пайда болуын ол тірі организмдермен салыстыра отырып талдаған. С-дің философиясы ХІХ ғасырдың ортасындағы жаратылыстанудың принциптерін жинақтап, түйіндеді, оған метафизикалық талдау жасады; этнографияға, дін тарихына, психологияға тарихилық идеясын енгізді. Оның идеялары ХІХ ғасырдың аяғында өте танымал болды, махизм мен неопозитивизмге ықпалын тигізді.


СТИЛЬ (греч. stylos – үшкірленген ағаш қалақша). Ескі замандарда жазу-сызу қалыптасқан халықтардың көпшілігі қағаздың пайда болғанына дейін балауыз жалатқан тақтайшаларға stylos-пен сызып жазатын болған)
– адамның белгілі бір іс-әрекетінің немесе оның жемісінің өзіндік, басқаға ұқсамастай ерекшілігі. Осы мағынасында С. материалдық және рухани мәдениеттің көптеген құбылыстарын анықтау үшін қолданылады. С-ді зерттеу барысында кездесетін бай терминология мен әр алуан принциптер оның күрделі ұғым екендігін аңғартады. Өнертану саласында XVІІІ ғ-дан бастап қолданысқа енген С. ұғымы қазірде жалпы филос., этикалық- эстетикалық, ғылыми, мәдениеттану және т. б. салаларда ерекше маңызға ие болып отыр. С-ге деген қызығушылықтың ғалым Ж. Бюффонның 1753 ж. Француз академиясына мүшелікке өту салтанатында айтқан «С. дегеніміз – адам» деген тұжырымдамасынан кейін өрбігені туралы талай зерттеулерден кездестіруге болады. Бюффон С-ді адам жеке басының ерекшеліктерінің көрінісі деп түсініп, оны белгілі бірі физиогномикалық қасиет деп есептеді. Адамның бет-пішініне қарап оның мінез-құлық ерекшеліктерін дөп басып айта алатын ілім – физиогномика болса, С-ді де адам іс-әрекетінің физиогномикасы деп қарастыруға болады дейді Ж. Бюффон. Осыдан аттай 200 жыл бұрын айтылса да ғалымның бұл ойларында С-дің кең көлемді


444

түсініктемесі бар. ХІХ ғ-да С.-ді теориялық деңгейде кең зерттеуге ат салысқан И.В. Гете болды. Ол «Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль» (1789) деген шығармасында С-ді салыстырмалы тәсілмен зерттейді. Одан кейін де С. мәселесіне көп назар аударылып отырды. Мыс., Фр. Шиллер, И. Кант, Фр. Шеллинг, Г. Гегель, И. Тэн, А. Шопенгауер. Фр. Ницше, Г. Вельфлин, А. Ригль және т. б. еңбектерінен С. туалы ізденістерді кездестіруге болады. Тұңғыш болып мәдениеттану жүйесінде «мәдениет стилі» ұғымын енгізген О. Шпенглер болды. С. ұғымының мәдениеттануға енуі екі бағытта жүргізілді: өнертанудан өнер философиясы арқылы. Онда стиль «рух»,


«тағдыр» ұғымдарымен байланыстырылды. Бұл көзқарастар өз бастауын сонау В. Дильтей, О. Шпенглер шығармаларынан алады; этнография және мәдени антропология арқылы қалыптасады. Бұл салаларда С. белгілі бір ұйымдастырушы, біріктіруші принцип ретінде қарастырылады. О. Шпенглердің түсіндіруінше. С. мәдениеттің бір саласы болып есептелетін өнерде ғана кездеспейді, сонымен қатар С. жалпы мәдениеттің таңбалағыш, белгілегіш құралы ретінде мәдениет болмысының өзінен орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет