Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет363/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ТОМИРИС, Тұмар – біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласын мекендеген скиф-сақ тайпаларының бірі массагеттердің батыр, жауынгер әйел патшасының аты. Т. ешкім алдына қарсы шығып, тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсірген. Бұл оқиға туралы әйгілі тарихшы Геродот өзінің «Тарих» шығармасында (б.з.д. 440–430 ж.ж.) былай дейді:
«Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деген сөздер айтып, оған Кирдің басын салдырған.» Т. Бейнесі – рәміздік бейне. Ол көне көшпенділер мәдениетіндегі еркін де қайсар әйел бейнесінің рәмізі, әйелге деген ілтипатты қатынастың көрінісі.


ТОТАЛИТАРЛЫҚ – қоғамдық жүйенің, мемлекеттік құрылымның тарихи ұйымдасу түрі. Кез келген мемлекеттің билігі, басқару жүйесі белгі- лі бір саяси сипатта қалыптасады. Яғни ол тарихи тұрғыда демократиялық, немесе антидемократиялық үлгіде көрініс беруі мүмкін. Ал Т. көбінесе биліктің бір қолға, басқарушы мемлекеттік күшке барынша жинақталуын,


473


біртұтастануын білдіреді. Ол қоғамның барлық саласын қамтитын тұтас- танған, антидемократиялық биліктің көрінісі. Т. жүйе көбінесе халықтың рухани дамымаған әлеуметтік қабатының мүддесін қорғауды, жалпы- халықтық мүддені барынша жоғары деңгейде алдына мақсат еткен сипатта өрбиді, ол сонымен қатар осы алдамшы құндылықтарын жүзеге асыру кезеңінде қарулы күштерге, тегеуірінді органдарға барынша арқа сүйейді, оларды өз мақсаттарына барынша қолданады. Шын мәнінде Т. принципті бағыт ретінде ұстанған қоғам жалған құндылықтарды қоғамдық санаға тереңдете орнықтыруға тырысады, адамдарды бір-біріне жау етіп, оларды бір-бірінен қашықтата түседі. Мәселен, осындай әлеуметтік-саяси жағдай ХХ ғасырдың ортасында фашистік Германия мен коммунистік КСРО-да орын алды. Сонымен қатар өткен ғасырдың екінші жартысындағы Чилидегі Пиночеттің басқару кезеңіндегі диктатуралық режим әлеуметтанушы ғалымдар арасында Т. қоғам деп бағаланады. Осындай сипаттағы мемле- кеттік жүйелер адамзат тарихында талай рет көрініс берген. Кез келген қоғамның өзінің ішкі тұтастығын бекіте түскен сайын тарихи субъект ретінде мықтырақ болатынын байқайды. Бірақ бұл тұтастықтың қалып- тасуына антигуманистік тәсілдер мен әдістер қолданылады. Тіптен, Т. жүйе- нің іргетасы нығая түсуі үшін кейбір мемлекеттерде ұлттық идеяның өзі де тетік ретінде пайдаланылады. Кезінде Германияда ұлттық идея ретінде немістердің басқа ұлттардан ерекше биік тұратын халық ретінде артық- шылығы танылды. Әрине, мұндай мемлекеттік идеология қоғамдағы ұлт- шылдық отын маздата түсті, кәдуілгі сананың ең төменгі қабаттарына қоз- дырғыш фактор ретінде әсер етті. Еврейлер мен орыстар ең теріс мағынадағы этникалық таптаурындық сипатта бейнеленді. Осындай психологиялық қайшылықтар қоғамдағы дүниетанымдық бұрмалануларды туғызды. Ол түбінде әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соқтырды. Ал коммунистер болса алдарына жаңа қоғам құру мақсатын қоя отырып, сол жолға кедергі болғанның барлығын өздеріне жау санаған болатын. Сондықтан «халық жауы» айдары талай азаматтардың кеудесіне тағылып, оларды жалындаған жас шағында қыршынынан қиылуға әкеліп соқтырды. Бір отбасында тәрбиеленген екі азамат, көрші тұрған ауылдас, бірге жұмыс істейтін әріптес жандар бір-біріне сенбейтін, жау ретінде қарайтын күйге жеткен болатын. Т. жүйе сонымен қатар қоғамдағы ең алдыңғы қатарлы азаматтарды, озық ойлы жандарды құрбандыққа шалуға ұмтылды. Өйткені, ойлы азаматтар Т. қоғамдағы еркіндіктің жоқ екенін, ұлт өзінің ең негізгі рухани байлығынан айрыла бастайтындығын халыққа бірте-бірте жеткізе бастайды. Т. билік мұндай бостандықты, дүниетанымдық алуандықты қаламайды. Сондықтан авторитарлық режим қудалаудың бастауын ең озық тұлғалардан бастайды. Өйткені, олар тіптен басқа құндылықтық, мағыналық бағыттағы қоғамның қалыптасуын көк-


474


сейді. Осы сәйкессіздікті Т. қоғам күшпен шешуге тырысады. Міне, осындай қара күшке сүйенген Т. сипаттағы жүйенің қалыптасуына қандай тарихи, мәдени, әлеуметтік, дүниетанымдық себептер негіз болады. Оған ең алғашқы себеп болатын нәрсе әрбір адамның ішінде отырған рухани жетіл- меушілік, тереңде жатқан пендешіліктің өзімшілдік құрылымдары. Яғни әрбір пенденің көбінесе әлеуметтік жүйеде өзінің жеке басының ғана мүддесін үнемі жоғары қоюға бейімділігі жатады. Т. қоғамды бекіте түсушілер, тұтастанған билікті мызғымас күйге жеткізушілер адамның бойындағы осы осал жерді үлкен шеберлікпен қолданып отырған. Сондық- тан Т. іргетасын әлеуметтік дүниеде, мемлекеттік құрылымда адамдардың өздері нығайта түскенін байқамай да қалады. Әйтпесе, өзінің жеке басын қорғау үшін отандастарын, қандастарын сатып кету Т. қоғамда көптеген пенделер үшін күнделікті әдетке айналмас еді ғой. Т. қоғам деп теріс сипат- тама берілгенмен кез келген қауымдастық, мемлекет өзінің әлеуметтік дамуын тоқтатпайды, яғни ол да тарихи процесте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізеді. Білім беру, сауда-саттық, мәдени ошақтар кейде біршама өркендеуі де мүмкін. Шығармашылық жолындағы азаматтар Т. қыспақтың өзінде керемет дарынды туындылар жасауға тырысады. Мәселен, М. Әуезов өзінің «Абай жолын» ХХ ғасырдың бел ортасында жазған еді. Еркін ойды қудалай отырып авторитарлық сипаттағы қоғамды орнықтыра түсу үшін, антидемократиялық принциптерді бекіте түсу үшін Т. қоғамға экономика- дағы біршама жеңістер ауадай қажет екені белгілі. Сонда қарапайым халық та әлеуметтік жағдайдың біршама түзелгеніне малданып басқарушы билік- тің жақтасына айналады. Шындықты айтуға ұмтылған бірен-саран азамат- тардың үні әлеуметтік жағдайын біршама түзей бастаған көпшіліктің шуылына көміліп кетеді, рухани құндылықтардың маңыздылығын айтқан тұлғалардың сөздері ұлтшылдықты алға тартқан тобырдың көлеңкесінде қалады. Т. қоғамның ең теріс жақтары да осы тобырлық сананың барынша мемлекеттенуінде, тұрпайы идеологияның басымдық танытуында. Міне осыны шебер пайдаланатын билік жүйесі экономиканы өте қатал тәртіптің күшімен дамытуға ұмтылады. Болмаса Т. жүйе қоғамды барынша қыспақта ұстай отырып басқа елдердің жетістіктерін теріске шығаруды идеологиялық қаруға айналдырады. Сондықтан ондай ортада ақпараттық бұрмалаулар, шектеулер, цензура, адал жандарды қаралау қоғамның негізгі идеологиялық қаруына айналады. Міне, сондықтан тарихта Т. бағдарлар белең алған мемлекеттерде демократиялық институттардың дамуына мүмкіндіктер жоқтың қасы болған деуге болады. Т. қоғам дінге деген қатынасын барынша екіжүзділікпен ұстайды. Өйткені, Т. режим өздерінің билігін жүзеге асырып отыруға қажетті дінбасыларды ғана ұстауға тырысады, басқаларын қуда- лайды. Шынайы діншілдік, руханилық этикалық құндылықтарды жоғары ұстайтын болғандықтан Т. принциптердің дүниетанымдық негіздерімен


475


үнемі қайшылықта болады. Сондықтан ешқандай діннің этикалық прин- циптері, адамгершілік нормалары Т. жүйеде ашық мойындалмайды. Кейде формалды түрде мойындалса да олардың шынайы сипатының өркендеуіне жол берілмейді. Тіптен, Кеңес үкіметі жағдайында атеистік идеология күшпен енгізілгені, қалалар мен ауылдардағы шіркеулер мен мешіттердің жаппай қиратылғаны, нағыз дінге сенушілердің қудаланғаны белгілі. Міне, сондай нәубаттың құрбандарының қатарына қазақ халқының көрнекті тұлғасы Шәкәрімді жатқызуға болады. Т. қоғамның тағы бір зобалаңына ұлттың ішкі құрылымын ыдыратуға тырысуды жатқызуға болады. Кеңес үкіметінің билігі кезеңінде қазақтардың біршама бөлігі өзінің тарихи отанынан басқа елдерге көшуіне, қазақ диаспорасы құбылысын қалып- тасуына әкеліп соқтырды. Міне, осы тарихи дүрбелеңге толы заманның салдарлары әлі күнге дейін рухани мәдениетте білінеді. Мәселен, қазақ халқының үштен бір бөлігі өзінің тарихи отанынан тыс жерлерде өмір сүруде, қазіргі кезеңде ата-бабасының туған жеріне жетуді арман етеді. Осы тарихи әділетсіздікті жөндеу үшін, үйлесімділікті қалпына келтіру үшін тек қана мемлекет, немесе оның кейбір органдары ғана емес жалпы қандастар, отандастар болып барлығымыз да ат салысуымыз керек. Онсыз Т. қоғамның бүлдірген дүниесін жөндеу өте ұзаққа созылады. Осындай әрекеттерді, игілікті істерді диаспоралары бар барлық алдыңғы қатарлы елдердің көбісінен байқаймыз. Бұл талпыныстар нағыз ұлтжандылықтың, этноәлеу- меттік кеңістіктегі әділеттілікті орнатудың әрекеттері болып табылады. Сөйтіп, Т. қоғам кездейсоқ орнай қалмайтын, өзінің тарихи, психологиялық алғышарттары бар тарихи құбылыс болып табылады. Оның тарихи уақыты біткеннің өзінде салдарлары ұзақ мерзімге созылады және ол бірнеше ұрпаққа жететіндей мұра тастап кетеді. Міне, сондай мұралардың қатарына басқаша ойлауға бейімділік танытқандарды қудалау жатады. Яғни, ресми түрде Т. деп бағаланбаған қоғамдардың өзінде кейде билік пен оппозицияның арасындағы кикілжің өзара тартыстарға толы болады және ол қоғамдағы әртүрлі саяси ойындардан көрініс беруіне әкеліп соқтырады. Осы қақты- ғыстардың нәтижесі кейбір жекелеген тұлғалардың тағдырына барынша кері әсерін тигізуі де мүмкін. Міне осындай үрдістер адамзат тарихының көптеген кезеңдерін қамтиды. Бұл процестердің пайда болуы мен қайта- қайта көрініс беруін тежеу үшін оның болмыстық іргетасын жою керек. Сондықтан әрбір адамның дүниетанымындағы құрылымдарды рухани жетілдіру арқылы ғана жалпы қоғамдағы ахуалды биік деңгейлерге көтеруге болады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде адамаралық сенім, келісім тереңдей түседі, қорқыныштардың орнына өзара түсіністік қатынастар орнығады. Яғни бұндай жағдайды қалыптастыру үшін мемлекеттегі адам құқын қорғаудағы әрекеттері де пәрменді болуға тиісті. Сонымен қатар Т. жүйенің санадағы қалдықтарын жою үшін қоғамдағы демократиялық институттар-


476

дың жұмысын жетілдіре түсу керек. Ал бәрінен де маңызды нәрсе қоғамдағы азаматтардың басым бөлігінің руханилыққа, рухани мәдениетке қарай бет бұруын атауға болады. Ал руханилық ұстанымдары отбасында, мектеп пен әр түрлі оқу орындарында, кез келген мәдени ошақтарда, жалпы әлеуметте қалыптаса бастауы тиіс. Сонда ғана Т. құбылысының тамырына балта шабылады, қоғамның келбеті гуманистік, өркениеттенген сипат алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет