Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет364/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ТҰТАСТЫҚ объектінің ішкі бірлігі, оның қоршаған ортадан дара- лануы, сондай-ақ осындай қасиеттерге ие объектінің өзі. Философия тарихында Т. ұғымын түсіндірудің екі бағыты бар: Т. объектінің барлық қасиеттерінің, қырларының және байланыстарының танымдылығы ретінде жан-жақты қамтылуы және Т. объектінің ішкі құрылымын, яғни оның ерекшелігін, өзгешелігін анықтайтын нәрсе ретінде түсіндіріледі.


ТҰЛҒА – біртуар Мен ретінде алынған жеке адам. Т. ұғымы «индивид»,
«адам» ұғымдарымен салыстырыла анықталады. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданы- лады. Бұл ұғым адамның жануарлардан, өсімдіктерден, машиналардан т. б. айырмасын атап көрсетеді. Индивид – адамзаттың дара өкілі, адамдық ақыл, ерік-жігер, көзқарас т. б. да әлеум.-психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі. Т. болып туылмайды, Т. болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі ол өзінің іс-әрекеті үшін әлі жауап бере алмайды. Т. болу дегеніміз өзінің ешкімге ұқсамайтындай бірегей ішкі рухани дүниесін құрай білу, қалыпты дамып, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу. Адамның Т-лық қасиеттері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез- құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады, сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа білініп тұрады. Т-ның қасиетті құпиясы оның еркін рухында жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын – мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Т-ның шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтиярымен тоғыстыра білу Т-ны танытушы іс. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы – Кант былай деген: «Адамзатқа, оның ішінде өзіңе де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес, тек мақсат деп қатынас жасап, әрекет істе». Т.-ны зерттеуде З. Фрейд, К. Юнг, Н. Бердяев, А. Камю, Ж. Сартр, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Х. Ортега- и-Гассет, Э. Фромм, М. Бубер т. б. көп үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет