Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


УӘЛИХАНОВ Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы



бет370/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   401
Байланысты:
treatise187525

УӘЛИХАНОВ Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835 – 1865)
– қазақ ғалымы, этнографы, тарихшысы, қоғам қайраткері. Қазақстандағы ағартушылық идеясының негізін қалаушы. У. өз бойында еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениетін терең ұштастыра білді. Зерттеушілер У. шығармашылығын екі кезеңге бөледі. 1) Қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855–1859). 2) Кемелдену кезеңі (1859–1865). Алдымен У. өз ауылындағы мұсылман-діни мектебінде білім алады, араб және т. б. Шығыс халықтарының тілдерін оқып үйренеді. Осы кезде ол өз халқының салт-дәстүрлері, діни нанымдары, дүниетанымы мен аңыз-әңгімелері туралы мол мәліметтер жинақтайды.
1847 ж. У. Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Бұл Шоқан өмірі мен қызметіндегі бетбұрыс кезең болды. Осы оқу орынында У. ортасына, қоғамға деген көзқарастары қалыптасып, орнығады. Шоқанның азамат, ғалым, ойшыл ретінде қалыптасуына Г. Потанин, С. Сотников, А. Померанцев, К. Гаутковский, Н. Костылецкий Ф. Достоевский, С. Дуров сияқты орыс ғалымдары мен ойшылдарының ықпалы зор болды. Солар арқылы У. В.Г. Белинский мен Н.Г. Чернышевскийдің, А.И. Герценнің саяси- әлеуметтік идеяларына қанық болады. Шоқанның ғылыми ой-пікірлерінің қалыптасуында П.П. Семенов-Тян-Шанский үлкен рөл атқарды. Орыс саяхатшысы Шоқанды ғылымда толық зерттелмеген көшпенді халықтардың көне тарихы мен бай мәдениетін зерттеуге бағыттады. Осы уақытта У. халық мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы көптеген деректер жинайды. Соның нәтижесінде ол «Үлкен қырғыз-қайсақ аңыз-әңгімелері», «Тәңір»,
«Абылай туралы жыр», «Қазақ халық поэзиясының формалары туралы»,
«Қырғыздардың арғы тегі», «XVIII ғ. батырлары туралы тарихи аңыздар» атты мақалаларын жазады. У. бұл еңбектері басылып шықпағанымен, олардың қолжазбалары шығыстанушы ғалымдар арасында танымал болды. У. 1856 ж. М.М. Хоментовский экспедициясының құрамында болып, Ыстық көлге саяхат жасады. Қырғыз халқының энциклопедиялық поэмасы
– «Манасты» алғаш рет жазып алып, орыс тіліне аударды. «Ыстық көл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қытай империя- сының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы» және т. б. еңбектерінде У. түркі халықтарының салт-дәстүрі мен тұрмысын зерттеудің ғылыми әдіс- темесін жасайды. У. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы


486

мұсылмандық жөнінде» еңбектерінде діни нанымдардың қалыптасуы, дін- нің қоғамдағы орыны мен қызметі туралы ғылыми сараптамалар жасайды. Ғалым халықтың рухани мәдениетімен қатар материалдық мәдениетін зерттеуге де өз үлесін қосты. Ол архитектуралық ескерткіштердің суретін көшіріп салып,олардың жобалану ерекшеліктеріне назар аударады. У. халық дүниетанымы, мәдениеті, діни нанымдары мен салт-дәстүрлері оның тұрмыс-тіршілігімен және өмір сүріп отырған ортасымен тығыз байланыста болады деген қорытындыға келеді. Шоқан Ресей отарлау саясатының ұлттық мәдениетке кері әсерін де ашық айыптады. «Сот реформасы туралы жазбалар»еңбегінде саяси реформалардың халық менталитетіне сай еместігін және оның рухани-мәдени дамуға зор нұсқан келтіретінін жазады.


У. еңбектері Орталық Азия мен Қазақстан тарихын, мәдениетін зерттеудің алтын қоры болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет