Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет46/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


62


АПЕЙРОН (грек. А – терістеу бірлігі, peiron – соңы, шегі) – ежелгі грек философиясындағы «шексіздікті» білдіретін термин. Әлемнің көне мифтік-әпсаналық суреттемелерінде (ведаларда, орфийлер мектебінде және т. б.) «шексіздік» маңызды космогониялық принциптің рөлін атқарды. «Шексіздік» ежелгі мысырлық Гермопольдік тегонияда (б.з.д. 2-ші мыңжылдық) алғашқы космогониялық төрт мүмкіндіктің бірі болса, үнділік веда ілімінде Адити (персонификацияланған шексіздік) «рта» ғарыштық заңының қорғаушылары Адит құдайларының анасы ретінде сипатталады. Ал, байырғы гректік орфийлік теогонияда әлемдік жұмыртқа
«шексіз хаоста» (кеңістікте) пайда болады. Антикалық ойлау дәстүрінде А. ұғымын Мелисс Самосский жалпы ғарыштың атрибуттық сипаты деп қарастырса, Парменид, Элейлік Зенон, Аристотель нақты емес объектінің нышан-белгісіне ұқсатады. Өзіне дейінгі философия дәстүріндегі А. ұғымының мазмұнын талдаған Аристотель ойшылдардың барлығының А-ды онтологиялық принцип тұрғысында пайымдағанын атап көрсетеді.
Анаксимандр философиясында А. – «түпнегіз», «барлық тіршіліктің бастамасы мен негізі», уақыт пен кеңістік тұрғысынан басы да соңы да жоқ, мәңгілік, шексіз алғашқы материя. А. – ешқандай қасиет пен сапаға ие емес, бірақ та барлық сапалы анықталған денелердің негізі; «кәріліктің не екенін білмейді», «өлмейді және жойылмайды». А. универсумның субстанциалды және генетикалық бастамасы. Ғарыштың барлық элементтері содан пайда болған. Үнемі қозғалыста болатын А. дымқыл мен құрғақ, жылы мен суық секілді қарама-қарсылықтарды туғызады. Ал бұлардың өзара араласуы жер, су, ауа, отты – алғашқы төрт элементтерді қалыптастырады. Сонымен, Анаксимандрдан бастап көптеген философтар А. ұғымын космогониялық материяның атрибуты ретінде зерделейді. Анаксимандрдың шексіздікті әлемнің алғашқы бастамасы деп тұжырымдауы А-ға байланысты әртүрлі қағидалардың ішіндегі аса маңыздысы болып табылады. Анаксимандрдың А-ды материалды, белгісіз ең алғашғы бастама деп бірінші болып айтуы келешек философиялық идеялардың дамуына түрткі болды. Анаксимандрдың А. туралы пайымдауы ішкі логикалық ойдың дамуының нәтижесі. Сол себепті де оның суды (Фалес), ауаны (Анаксимен), отты (Гераклит) не болмаса барлық төрт стихияны алғашқы бастама деуден бас тартып, абстрактылы, белгісіз, сапасыз, материалдық бастама А. деп тұжырымдауы философиялық ойдың қалыптасуында өзіндік ерекше мәнге ие болды.
Милеттік тағы бір философ Анаксимен А-ды ауамен ғана байланыс- тырғандықтан, А. субстанциядан қасиетке айналады. Пифагор мектебі- нің дәстүрінде А. шекті – шексіздік онтологиялық қарама-қарсылықтары- ның жұп элементтері деп пайымдалады. Платон А.-ды шексіздік, анықталмағандық, өткіншілік тәрізді ұғымдармен байланыстырады. Ал,


63

Аристотельдің ойынша А. субстанциалды емес, акциденталды түрде ғана болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет