Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет47/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АППЕРЦЕПЦИЯ (лат. ad – ға, ге жұрнақтары, per ceptio − қабылдау) – қабылдаудың саналы сипатын білдіретін ұғым және өткен рухани тәжірибе мен жинақталған білім, алынған әсерлердің қорына жаңа қабылдаудың тәуелділігі. Бұл терминді Лейбниц енгізген. Оның философиясында А. ұғымы өзіндік санамен (перцепциядан айырмашылығы) байланысты. Ал, Кант философиясында трансценденталды А. ұғымы маңызды рөл атқа- рады. Қазіргі заманғы психологияда А. – жаңа қабылдаудың адамның психикалық өмірінің жалпы мазмұнына тәуелділігі ретінде түсіндіріледі. А. − саналы қабылдау, оның көмегімен және сонымен бірге, өмірлік тәжіри- бенің негізінде − қабылданған объектінің еркшеліктері жайлы болжамдар ұсынылады. Жаңа білімдерді игеру нәтижесінде адамның қабылдауы үздіксіз өзгереді, тереңдей түсіп, мазмұндылығы мен мәнділігі артады. А. тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Бірінші жағдайда қабылдау тұлғаның тұрақты болмысына (дүниетанымы, білімі, әдеттері және т. б.), екіншісінде
– тікелей қабылдау кезіндегі психикалық жағдайына (көңіл-күйі, бірсәттік сезімі, үміті және т. б.) әсер етеді. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ми қыртысының нейрондық байланыстарының тұйықталуы мен сақталуына негізделген жүйелілік сипаты – А-ның физиологиялық негізі болып табылады.


АПОКАТАСТАСИС (грек. – бұрынғы болып өткен күйге қайта оралу, қалпына келу) – заттың өткен қалпына қайта оралу қажеттілігін білдіретін ұғым. Пифагорлықтар бұрынғы болған нәрсе қайтып орнына келеді деп есептесе, Гераклит дүниенің мәңгілік алмасу екендігін, оттың бірде сөніп, бірде лапылдап жанып өз шеңберінде кезекпе-кезек ауысып отыратынды- ғын айтады. Пифагор мектебі мен Гераклит көзқарастарынан бастау алған А. туралы ілім стоиктер мектебі ойшылдарының көзқарастарында кон- цептуалды мәнге ие болып, одан әрі өрбіді. Гераклиттің ізімен стоиктер де оқиғалар мен заттардың дүниенің айналмалы қозғалысында қайталанып отыруы мүмкін екендігіне сенеді. Олар кезекпен ауысып жатқан дүниелердің бір-бірімен тепе-тең болатындығын көрсетіп, сондықтан да алдыңғы әлемге тән оқиғалар мен тіршілік иелерінің (реинкарнация идеясы) жаңа әлемге қайта келуге мәжбүрлігін шындыққа балайды.
А. ұғымы Ф. Шлейрмахердің теологиясының маңызды элементі ретінде көрінсе, ХIХ ғасырдағы еуропалық ой кеңістігінде мәңгілік оралу жайындағы ілімді Фридрих Ницше ары қарай дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет