Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет6/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АБСОЛЮТ (лат. absolutus – сөзсіз) – еркін, «мұқтажсыз», толық, өзге ешнәрсеге тәуелді емес, дара, тіршілік атаулының бәрін өз бойында қамтып, сақтайтын және әлемнің жалпы негізі болып табылатын, мәңгі, шексіз, кәміл жетілдірілген және өзгермейтін болмыстың толықтығын белгілейтін философиялық категория. А. барлық жаратылыстың шығармашылық бастамасы және субъект пен объектінің үйлесімді тұтастығы ретінде түсін- діріледі. А. – объективті, мәңгі, шексіз, өзіне-өзі жеткілікті болатын, бір- тұтас жаратылыс және кез-келген салыстырмалылыққа әрі шартты тірші- лікке қарама-қарсы құбылыс. А. – дүниенің басы мен аяғы. А. терминін философиялық айналымға ХVІІІ ғ. соңында М. Мендельсон мен Ф. Якоби Б. Спинозаның табиғатты (тұлғасыз Құдайды) пантеистік түсіндіруіне ба- лама ретінде енгізген. Содан кейін Шеллинг пен Гегельдің философия- лық жүйелері арқылы А. «біртұтас», «апейрон», «нус», «логос», «дао»,
«барлық», «субстанция», «жалпыға бірдей субстрат», «өлшеусіз», «тануға болмайтын», «түпсіз болмыс», «кәміл», «максимум» және «минимум» сияқты барынша жалпы ұғымдарды жинақтап қорытындылайтын кате- горияға айналды. Көне заманғы «пратхи», «ци», «брахма», «бос кеңістік»,
«реттілік», «морфа» және т. б. идеялар мағынасы жағынан А. ұғымына жақын. Гегель философиясында дүниелік парасат (абс. рух) А. рөлін атқарады; Шопенгауэр философиясында – ерік, Бергсон ілімінде – түйсік, Франк ілімінде – «игерілмейтін», Тейяр де Шарденде – ақылмен қол жеткі- зілетін «Альфа» мен «Омега» тұтастығы нүктесі, метафизикалық орталық, қайнар көз және түпкі мақсат. Олар А. ұғымының шексіз кәмілдігінен оның өзгермейтіндігі және өзіне-өзі тепе-тең болатындығы туралы түсінікті өрбітеді. Интуицияны бірінші орынға қоятын философтар А-ті образдық білім, ұғым және таңба формасында игеру мүмкін емес, бірақ тікелей біздің ар-ұжданда, интуицияда, наным-сенімде болатын құбылыс ретінде онымен нақты күй кешуге болады деп есептейді.


АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ – таным үдері-
сінің даму өрісін сипаттайтын таным теориясының категориясы. Жалпы ақи- қаттың классикалық теориясы бойынша, ақиқатқа мынандай ұстанымдар тән:

  1. шындық білімге тәуелді болмайды; 2) адам ойы мен шындық арасында түбегейлі сәйкестік орнатуға болады; 3) ой мен шындық сәйкестігін анықтау өлшемі бар; 4) сәйкес келу теориясының өзі логикалық тұрғыда қайшы келмейді. Ақиқаттың өзі объективті, нақты процесс. Осыдан келіп ақиқаттың абсолюттілігі мен салыстырмалылығы келіп туындайды. А. ж. с. а. ұғымы таным жүйесін белгілі бір уақыт пен кеңістікте болып



9

отыратын тарихи жағдаймен байланысты үдеріс ретінде түсіндіріледі. Ол:



    1. бұдан бұрын танылған және ғылым дамуының бұдан былайғы үдерісінде танылатын заттар мен құбылыстар арасындағы; 2) ғылымның бұдан кейінгі дамуы барысында біздің біліміміздің құрамында өзгеруі, дәлелденуі, теріске шығарылуы мүмкін білім мен теріске шығарылмаған күйінде қалатын білім арасындағы арақатынастарды ашып көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет