Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет8/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstractіo дерексіздік, бөлініс, оқшаулық)
– қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстракті өнер шындықты тікелей көрсетпейтіндіктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады. Ол үшін бейнеленетін нәр- селердің көркемдік бітімдері (кеңістіктегі формалары, аумағы, бояуы т. б.) маңызды емес, бірінші орынға суреткер – тұлғаның субъектілік көңіл- күйі шығады. А. 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бір уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңінен өрістеді. А-нің эстетик. бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегі руханилық туралы» еңбегінде айқындап берді. А. екі бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын үйлесімді етуге ұмтылу және геометриялық абстракцияларды құрастыру. Біріншісі экспрессионизм және фовизм тәрізді ағымдармен түбірлес болып, түсті заттық шындықтан толық ажырат- қысы келді. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететін музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синесте- зия идеясына негізделген ағым пайда болды. Бұл түрдегі А-нің кубизммен ортақ шыққан тегі бір болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. А-нің осы бағытының тармақтары бірнеше: М. Ларионовтың сәулешілдігі, К. Малевичтің супрематизмі, Л. Попованың стиль тобы 1917 ж. Голландия- да жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бітімдердің анықты- лығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсіздігінен жоғары тұрады. А-нің кейбір көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің кейбір шығармаларынан байқалды.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


11


АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractіo – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлі нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді ой суреті деп аударған.


АБСУРД (лат. absurdus – жалған естілетін, үйлесімсіз) – мәнсіздік, қайшылықты ой. Орта ғасырларда логикалық категория ретінде қол- данылған. А. Камюдің шығармаш.-нда философиялық мәнге ие болды. Француз ойшылы өзінің «Сизиф туралы миф» деген шығармасында:
«Мағынасыздық адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады» дейді. Бұл ой бағыты белгілі дәстүрге айналып, ХХ ғ-дың 2-жартысында С. Беккет, Э. Ионеско есімдерімен әйгіленген А. драмасын тудырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет