Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет70/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


АФИНАЛЫҚ МЕКТЕП (б. д. д. 5 ғ.) – философияда антика ой өрісінің Афинаға көшіп, Платон, Сократ, Аристотель және өзгелердің шығармашы- лығында дамуы. Бұл мектептің философтары адамды табиғаттан ажыра- тып, оның рухани құбылыс екенін алғаш әйгілейді. Бұл құбылыстың ба- сында алдымен софистер тұрып (Протагор: адам барлық заттың өлшемі), кейін ол өзінің классикалық нұсқасын Сократ философиясында табады («өз-өзіңді таны»). Ұлы итальян суретшісі Рафаэль Санти бұл философтар- дың бейнелерін өзінің әйгілі «А. м.» (1509–1511) жұмысына енгізген.


АФФЕКТ (лат. affects – жан толқынысы) – адам көңіл-күйінің шұғыл өзгеріп, әсерленуі (үрейлену, масаттану, ызалану). А. кезінде стрестік жағ- дайлар туындап, адам өзінің жүйкесін толық бақылай алмайтын ерекше сезімдік кейіпке түседі (оқыс мимикалар, айқайлау, жылау т. б.). Бұл құбы- лыс, әсіресе, балаларда жиі кездеседі. (мазасыздану, үрейлену т. б.). Қуа- ныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да


92

жан толқынысы А. түрінде болуы мүмкін. А-тің мәдени жағын алсақ, онда оның тылсымдық не рухани тазарудың (катарсис) функциясын атқараты- нын ескерген жөн. Әсіресе, өнер шығармаларынан ләззат алу, оны тамаша- лау кезіндегі А-лер адамның көңіл-күйін көтеріп, тұлғааралық ерекше бір ынтамақтастықты тудырады. А. феномендері қазіргі бұқаралық мәдениет тұрғысынан да жиі қолданылады (тартымды ету, адамның ішкі дүниесіне жақындау). Кейде А. пайда табуды көздеген адамдар үшін тылсымдық инстинктерді қоздыру мақсатында да қолданылады.


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


АХИМСА (санскр. aһіnsā – тірі жанға қиянат жасамау) – тек адамзат баласына емес бүкіл жан иесіне рахымды болу. Жалпы тірі жанға қиянат жасаудан сақтану. Үнді философиясы мен діни дүниетанымына тән бұл этикалық принцип адам табиғаттан ажырамайды, барлық тірі жан иесі бір- біріне жақын туыс деген идеяға саяды. А. – индуизм, буддизм және жайнизм діндерінде адамгершілік қағидаларына негізделіп, маңызды рөл атқарады. Бұл қағида белгілі бір іс-әрекеттерді талап ететін императив қана емес, ол сондай-ақ барлық тірі жандар мен жәндіктерді аяп, жан ашырлықпен қарауға шақырады. А. идеясы упанишадада кездеседі, онда адам өз бойынан құдыретті бастама Атманды көрсе, оны басқалардан да көре алатындығы айтылады. Брахман, буддизм, жайна ілімінің рухани ұстаздары өмірді теріс ойлармен, ғайбат сөздермен, іс-әрекеттермен жоюға, ластауға болмайды деп насихаттайды. А-ның қатаң қағидалары әсіресе жайна ілімімен тығыз байланысты. Олардың доктринасы бойынша өзгенің басына қайғы әкеліп, қастандық жасау жанды абсолютті пәктікке жету қабілетінен айырып, соңында қайғы-қасірет қиянат жасаушының өзінің алдына келеді. Жайна ілімін ұстанушылар мен келеңдерге (монахтарға) тірі жандарды өлтіріп алмау үшін аңға шығуға, балық аулауға, жер жыртып, мал шаруашылығы- мен айналысуға тиым салынады. Жайналар қатаң тәртіпті ұстанатын әдеттегі вегетариандықтар да емес, олар тіпті өсімдіктерді жеуге де тиым салады. Өсімдіктерді өмірге пайдалану оларды жойып, құртуға алып келеді дейді. Олар үшін ең керемет тағам табиғи жолмен жерге түскен жеміс- жидектер. Майда жәндіктерге де зиян келтірмес үшін сүзгіден өткізілген су ішеді. Жайна келеңдері (монахтары) ауыздарына шыбын-шіркей кетіп қалмас үшін дәке таңып, жолда құрт-құмырсқаларды басып кетпеу үшін алдарын сыпырып жүреді.
Батыс мәдениеті А. ұғымымен Махатма Ганди (1869–1948) арқылы таныс болды. Ол осы ұғымның мазмұнын кеңейтіп, А-ны рухани тазалық, сабырлылық, қанағат, өзіңнің бар тіршілікпен бірлікте екеніңді саналы


93

түрде ұғыну жолы деп түсіндіреді. М. Ганди А-ны ұстану ақиқатты (яғни, Жаратушыны) танудың қажетті шарты, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудің кепілі деп санады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет