Шығ: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ, Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигi. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесiнде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейiн Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаhарларында бiлiм алған. Ә. Н. әл-Ф. – түркi ойшылда- рының ең атақтысы, ең мәшhүрi, «Әлемнiң 2-ші ұcтaзы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жiбек жолы» бойындағы қалалардың, оның iшiнде Отырардың экон-сы мен мәдениетiнiң дамыған кезiне дәл келдi. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдерi қалаларына жиhанкездiк сапарлар жасап, тез есейдi. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл- ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-кe жуық тiл бiлген. Өздігінен көп оқып, көп iзденген ойшыл филос., логика, этика, метафизика, тiл бiлiмi, жаратылыстану, геогр., матем., мед., муз. салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсiресе, Аристотельдiң еңбектерiне талдау жасады (Аристотельдiң «Метафизика», «Категория», «Бiрiншi және екiншi аналитика» сияқты басты еңбектерiне түсiндiрмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукалдың «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик»
... атты еңбегiнде және ХІІІ ғ-да өмiр сүрген ибн-Халликанның өзiнiң «Уфиат әл-аиан фи өз-заман» атты еңбегiнде Ә. Н. әл-Ф-дiң арғы аталарының
100
аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркi тiлiнде келтiрiлген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерiнде өз тiлiмен ашса да, 12–16 жас шамасында керуенге iлесiп, бiлiм iздеп Бағдадқа кетедi. Ә. Н. әл-Ф. дүниеге келгенге дейiн 126 жыл бұрын түркiлердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб к. бейбiт жолмен ислам дiнiн қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбiр мұсылман ислам дiнi ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Ә.Н. әл-Ф-дiң араб тiлдi ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады.
Ә. Н. әл-Ф. дүниетанымы екi әлемнiң – көшпелiлер мен отырықшылар өркениетiнiң және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетiнiң өзара байланыс- тарының нәтижесi. Ә. Н. әл-Ф. заманының әлеум.-саяси көзқарастарын, тiл мәдениетiн, филос.-гуман. (филос., логика, этика, эстет., саясат, социол., лингвист., поэзия, шешендiк, муз.) және жаратылыстану (астрон., астрол., физ., хим., геогр., космол., матем., мед.) ғылымдары салаларын терең мең- герiп, осы бағыттарда өзi де құнды ғыл. жаңалықтар ашты. Ә.Н. әл-Ф- дiң филос. көзқарасында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенiң мәңгiлiгiн мойындады; танымның болмысқа тәуелдiлiгiн растады; ақыл- парасат туралы iлiмдi саралады. Мәңгiлiк пен тәуелдiлік бастауларын құдiреттi Алладан, аспан әлемiндегi құбылыстардың мәнiнен, ақыл- парасаттан, адамның жан дүниесiнен, түр мен материя арақатынасынан iздедi. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсiндiрдi. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеум.-этик. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерiнiң нақыл сөздерi» және т. б. саяси- әлеум. трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңiрек тоқталды. Қайырымдылық дегенде, ақыл-ой әділдiк, бақыт және теңдiк идеяларын құптаған ежелгi ойшылдар дәстүріне сүйендi. Тек бақыт туралы нақты бiлiмi бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Ә. Н. әл-Ф-дiң азаматтық, саяси, адам, қоғам жөнiндегi ойлары «Фусул әл-мадани» («Мемлекеттiк қайраткерлердiң нақыл сөздерi») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлi болса да, негiзiнен, бiр мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетiлуiне арналған. Еңбектiң өзiне тән бiр ерекшелiк сипаты – тәндiк және рухани құбылыс- тардың салыстырылып отыратындығы.
Ә. Н. әл-Ф. «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан, ал «На- қыл сөздерде» ең кiшкене ұядан – отбасынан бастайды. Аристотель сияқты ол да үйдi бiрнеше бөлекке – ерi мен әйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата- анасы мен баласы, мүлкi және иесi деп бөледi. Yйдiң өзiне тән мақсаты
101
болады, бiрақ қаланың бiр бөлшегi болғандықтан, ол қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтiп бұл арада адамның өз басының мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыру туралы пiкiр айтылады. Бұл жерде Фарабидiң қала дегенiн мемлекет деп түсiне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнiң биік көрiнiстерiн табамыз.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Ә. Н. әл-Ф. жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық – үшеуі- нің бірлігінде. Ә. Н. әл-Ф-дің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Ә. Н. әл-Ф. көркемдік, сұлулық хақында былай дейді; ол – өмір шындығының өзіне тән қасиетті, болмыс- тың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
Ә.Н. әл-Ф. әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физ.-мат. жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда муз. акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т. б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір- бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра (ражаб) айында, Шам шаһарында (Дамаскі) қайтыс болғанда, оны сол елдің әміршісі Сайф ад-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс- Сағир зиратында жатыр.
Әдебиет: Машанов А. Әл-Фараби. – А., 1970; Көбесов А. Әл-Фараби. – А., 1971; Бурабаев М. О логическом учении аль-Фараби. – А.-А., 1982; Қазақ даласының ойшылдары. ІХ–ХІІ ғ. – А., 1995; Қасымжанов А. Х. Философия аль-Фараби. – А., 1998; Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы // Әлемдік философиялық мұра. Т. 4. Құраст.: Т.Х. Ғабитов, Ғ. Құрманғалиева. – Алматы, 2005. – 568 б.
Достарыңызбен бөлісу: |