Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ.: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009



бет77/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Шығ.: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.


ӘБУ МҰХАММЕД ӘЛ-ҒАЗАЛИ, бин Мұхаммад ат-Туси әл-Ғазали
– (1058–1111) – аса ірі діндар, философ және факихшы. Хорасандағы Тус қаласында туған, Нишапурде әл-Жуайнидің (имам әл-Харамайн) шәкірті болған. Ұстазы қайтыс болған соң, 1058 жылдан бастап салжұқ уәзірі Низам әл-Мүліктің қасында болып, 1091 ж. Бағдатта ол негізін қалаған Низамийа медресесіне фиқһтан дәріс беретін ұстаз етіп тағайындалды. 1095 ж. исламшылар Низам әл-Мүлікті өлтіргеннен кейін Ә.М. әл-Ғ. қажылық сапарды сылтау етіп, Бағдадты тастап кетеді де, 11 жыл бойы Шамда (Дамашық), Туста, т. б. бірқатар қалаларда болады.
Ә.М. әл-Ғ. адамдарды танымдық қабілеттері бойынша «қалың бұқа- ра» (әл-һамма, әл-һауамм) және «таңдаулылар» (әл-хасса) деп екі топқа бөлді. Діни дәстүрлер соңынан көзсіз еретін қарапайым қауым мен ислам қағидаларын қорғаумен ғана шектелетін мутакаллимдерді ол алғашқы топқа жатқызды. Екіншісіне ең алдымен сенімді дәлелдер мен дәйектемелер кө- мегі арқылы ақиқатқа жетуге тырысатын философтарды енгізді. Сонымен қатар «таңдаулылар» қатарына тұрмыс-тіршілік мәнін логикалық қисын- дардан бұрын түйсік арқылы түсінетін сопыларды да кіргізді. Ә.М. әл-Ғ. сопылықтың өзін-өзі жетілдіру бағытынан оның пайдалы жақтарын көрді,


99

бірақ сопылар ұсынған Құдаймен онтологиялық бірлікке жету бағдарын теріске шығарды, өйткені ол «бірлікке жетуді» ең жоғары танымдық күш- қуат – зерде түйсігі арқылы құдіретті пайымдау нышаны ретінде ғана таны- ды. Ол өзінің бірқатар шығармаларында әлемнің мәңгілігі мәселелері, себептілік теориясы т. б. бойынша мұсылман философтарымен, шығыстық перипатетизм өкілдерімен (Әбу Насыр әл-Фарабимен, Әбу Әли ибн Синамен және т. б.) пікірталасты өрістетті. Философтар көзқарастарына түсініктеме жазып, олардың іс жүзінде мұсылман әлеміне таралуына себепкер болды. Ол өзінің «Ихйа улум әд-динле» («Діндегі ғылым сәулесі») деп аталатын басты еңбегінде діни-философия мен этика қағидаларын саралап, онда суннит дәстүршілдігі қағидаларын сопылық түсініктермен үйлестірді (мысалы, ша- риғатта көрсетілген ғұрыптарды сопылық дәстүрмен толықтырды). Адам еркі мен жазмыш туралы мәселеде Ә.М. әл-Ғ. «таңдап алу» ұғымын (касбаны) дамытады, оған сәйкес адам Алланың ұсынған жақсы-жаман әрекеттерінен өзіне қажетін таңдап алуына ерікті екендігін, бірақ соған орай жауап та беретіндігін айтады. Ә.М. әл-Ғ. мұсылмандық ақыл-ойдың дамуына, сондай- ақ ортағасырлық еуропалық философияға зор ықпал жасады. Оны әдетте


«худждат әл-Ислам» (ислам дәйекшесі) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет