Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


«Отчуждение и проблемы экологии» (2002), «Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы свободы» (2007)



бет75/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   401
Байланысты:
treatise187525

«Отчуждение и проблемы экологии» (2002), «Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы свободы» (2007).


ӘЖЕНОВ Матиполла Салахаденұлы (15.11.1932 ж.т., Атырау обл., Теңіз ауд., Кудряшов с. – 2011, Алматы) – филос. ғыл. докторы (1974), проф. (1976). ҚазМУ-ді бітірген (1955). 1955–1960 жж. Атырау педагогикалық институ- тының (қазіргі Атырау мемлкеттік университеті) оқытушысы, 1963–1978 жж. Астрахан, Атырау педагогикалық институттарының аға оқытушысы, доценті,


96


кафедра меңгерушісі, 1978–1983 жж. ҚазМУ-дың жанындағы қоғам- дық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, 1983–1985 жж. ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы, 1985–1994 жж. ҚазМУ-дің Біліктілікті жетілдіру институтының директоры; 1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті жетілдіру институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафе- драсының меңгерушісі болды. 4 ғылым докторы мен 32 ғылым кандидатын дайындаған. Негізгі ғылыми-зертеу саласы – қоғамның әлеумметтік құры- лымы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығ: Изменение социально-классовой структуры Казахстана в процессе коммунистического строительства. – Алматы, 1973; На пути к социальной однородности. – Алматы, 1986; Социальная стратификация в Республике Казахстан. – Алматы, 1997.


ӘБУ Әли ибн Сина, Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллаһ (лат. транскрипция- сы – Авиценна 980 жылы Бұхара қаласы жанындағы Афшана ауылында дүниеге келіп, 1037 жылы Хамаданда дүниеден өткен ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азия мен Иранда өмір сүріп, түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері

  • «Дауа кітабы» («Құтқару кітабының» қысқаша мазмұндамалық нұсқасы),

«Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы» (парсы тілінде, «Данеш наме»). Ә. Ә. ибн С. философиясы бір жағынан метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, екінші жағынан неоплатондық онтологиялық тұжырымдаманы дамытады. Ә. Ә. ибн С-ның пікірінше, тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс ұстыны бойынша дамиды. Ә. Ә. ибн С-ның әлеуметтік ілі- мінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтеріліс жасауға дейін баруға бола- тыны туралы ой да айтылады. Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) оны «дін бұзарлығы» мен «атеизмі» үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарасы үшін сынға алады. Ә.Ә. ибн С-ның философиялық және жаратылыстанымдық ғылымдарға арнаған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Ә. Ә. ибн С-ның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері де сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар

  • материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. Өлеңдерінің өзіндік белгілері – афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар



97

түрінде жазылған. Ә.Ә. ибн С. шығармалары классикалық түркі, парсы, араб және орта ғасырлардағы еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған.


Ә.Ә. ибн С. дәрігерлік кәсіппен он алты жасынан бастап шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, рум, үнді, парсы, қытай медицинасының негіздерін өңдеп жетілдірді. Әсіресе, ескі грек жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысып, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ес- кірген ұғымдарын алып тастады. Соның арқасында Гиппократ пен Гален- нің даңқы қайта жайылды, әйтпегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы – «Дәрігерлік ғылым- ның каноны» («Кшабәл-қанун фи-т-тибб»), бұл – көлемі 200 баспа табақ,
5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Араб тілінде өте көп мәрте көшірілді. Латынша аудармасы XII ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Ә.Ә. ибн С. осы кітап арқылы бес-алты ғасыр бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, «Медициналық ханзада», «Шейхур-райс» деген ұлы есімге ие болды. Түркі халықтары арасында оның есімі «хакім Лұқпан» деген атпен аңыз болып таралды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін «Канонның» басылуы Інжілмен бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін санамағанда латынша аудармасы отыз шақты рет басылды. «Канон» орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954–1960) басылып шықты.
«Медицина – саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым», – дейді автор. «Медицинаның бір бөлігі – білім, екіншісі – амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі – амал жасау ережелері». Ә.Ә. ибн С.-ның ең негізгі насихаты – саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ә.Ә. ибн С. ауруды емдеуде дәріні кең қолданды. Гиппократ дәрінің 200 түрін. үнді тәбибтері 800 түрін пайдаланған болса, ол өз дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысының көбісін өсімдіктерден алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет