Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия. – Алматы: Раритет, 2007



бет85/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия. – Алматы: Раритет, 2007.


ӘУЕЗОВ Мұхтар Омарханұлы (28.09.1897, қазіргі Шығ. Қазақстан обл., Абай ауд. – 27.06.1961, Мәскеу. Алматыда жерленген) – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА-ның акад. (1946), филол. ғыл. докт., проф. (1946), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1957). Ә-тің шығарм. мұрасының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абай өмірі мен шығарм., әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Ол философия тарауларын гносеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика, онто- логия, рационалды психология деп қарастырады. Әрі қарай философия тарихын – ескі және жаңа философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен классикалық неміс философиясына дейінгі кезеңге шолу жасайды. Ә-тің «Абай жолы» эпопеясы – тек көркем шығарма ғана емес, ұлтымыздың болмысы мен дәстүрлі тұрмысын көркем оймен кестелеген, дала тарихы мен философиясы тұнған даналық дастаны. Жазушының әдеби-көркем., ғыл. шығарм-н тану керектігі қазақ халқының қоғамдық және филос. ойының даму тарихын білу үшін ғана емес, жалпы түркі халықтарының философиясы мен психологиясын түсіну үшін де қажет. Ұлттық рух диалектикасын терең түсіне білген Ә. өмір бойы оны байытудың жолдарын қарастырумен болды. Театр, кино, музыка сияқты басқа да қазақ кәсіби өнерінің барлық саласының дамуына тікелей өзі басшылық жасап отырды.


ӘУЛЕТ – (парс. ұрпақ) бір атадан тараған ұрпақтар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қандас-туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы


115

негізге алынған. Туыстық байланыс жеті атаға дейін созылып, одан әрі жекжаттық байланысқа созылады. Ә-тер рулардың қалыптасуының қайнар көзі болды. Жеті атаға толған әрбір әулет руға айналып отырды. Ғылыми әдебиеттерде «Ә.» ұғымы елдегі ең жоғарғы билік лауазымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер шежіресін тарату үшін де қа- жет болды. ХVІІІ–ХІХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның қоғамдық саяси өмірінде Әбілқайыр Ә-і, Абылай Ә-і ерекше рөл атқарды. Ресейде Романовтар Ә-і, Францияда Бурбон Ә-і, Қытайда Цинь Ә-і т. б. жекелеген мемлекеттерде Ә-тің билік жүргізуі жалғасуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет