ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Болмыс. Онтология және метафизика» Дәрістің мақсаты: Философиядағы болмыс және метафизика, материя, қозғалыс, уақыт пен кеңістік ұғымдарының мәнін түсіндіру. Алматы-2021
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1. Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыс және өмір сүру. Мән және мәніс. Мәннің онтологиялық құрылымы.
2. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Философия тарихындағы болмыс мәселесі.
3. Материя ұғымы. Дүниенің материалдық бірлігі принципі. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Шәкәрім қозғалыс туралы.
Болмыс
Профессор Серік Мырзалының пікірінше: «Болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» – деген етістіктен шыққан). Болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең – материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Олай болса, болмыс ұғымы дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория».
Болмыс түрлері
Философиялық әдебиеттерде болмыстың мынадай негізгі түрлері аталады: 1) материалдық болмыс (табиғи және адам жасаған заттар мен процестер болмысы); 2) идеалдық (рухани) болмыс; 3) адами, адам болмысы; 4) әлеуметтік (қоғам, социум) болмысы. Соңғы жылдары адам қызметінің әртүрлі салаларында «виртуалды реалдылық» (шындық) немесе «виртуалды болмыс» деген термин кең таралуда: адам мен компьютердің өзара іс-әрекетімен жасалған реалдылықтың моделі, яғни бұл ерекше жағдай, иллюзорлық, жорамалдылық реалдылық (болмыс)
ПЛАТОН
ПЛАТОН
(б.з.д. 427-347 жж.)
Материя
Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Болмыс дүниедегі бардың, өмір сүретіннің бірлігін, тұтастығын белгілесе, материя дүниенің материалдық негізінің бірлігін белгілейтін философиялық категория. Ленин ”Материя, - дейді, - түйсіктеріміз арқылы мәлім болатын, бірақ адам санасынан тыс, одан тәуелсіз өмір сүретін объективтік шынайылық”. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетеді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік.