Дәрістің тақырыбы



бет3/3
Дата29.09.2022
өлшемі140,84 Kb.
#151239
1   2   3
Байланысты:
4 тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика 2021

Кеңістік

  • Кеңістік философия, математика және физика секілді салаларда пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс деп түсініледі. Мысалы ғарышты жиі ғарыштық кеңістік деп атайды. Басқаша айтқанда, кеңістік заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуы болса, уақыт – дүниедегі болып жатқан оқиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.

А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы

  • 1916 жылы А.Эйнштейн абсолюттік қозғалыс, абсолюттік уақыт, абсолюттік кеңістік ұғымдарынан бас тарта отырып, өзінің салыстырмалылық теориясын ұсынды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты уақыттың салыстырмалы екендігін байыптауға құрылған. Дененің жылдамдығы артқан сайын, оның массасы ауырлап, уақыттың жүрісі баяулай түседі, ол қозғалыс жарық жылдамдығына, яғни, 300 000 км/сек жеткен сәтте уақыттың жойылатындығын негіздеп, ол жарық жылдамдығымен шартталған екендігін дәйектейді. Осыдан кеңістіктің төртінші өлшемі уақыт болып айқындалды.

Әл-Фарабидің болмыс туралы ілімі

  • Әл-Фараби онтологиясы бойынша болмыс құрылымының басында Алғашқы себеп, Алғашқы Ұлы Болмыс, Алла (ас-Сабаб ал-аууал) тұрады. Одан төмен, сол Алғашқыдан жаратылған Екінші себеп (бұған аспан денелері, олар сонымен қатар «рухтар», «періштелер»), бұлар ай үсті әлеміне жатады, одан кейін, Белсенді сана, немесе Әрекетшіл ақыл-парасат «оны «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осындай атаулармен атаған жөн, ал мәртебе дегенімізді – періштелер жайы деп және басқа осы сияқты атаулармен атау керек». Содан кейін барып, ай асты әлемі, адамдар, хайуандар, өсімдіктер, минералдар, төрт элемент орналасқан. Бұлардың барлығы да Ең Алғашқы Ұлы Болмыстан бастау алған, жаралған және бұл процесс үздіксіз жалғасып отырады.

ЖАРАЛЫС БАСЫ ҚОЗҒАЛЫС, ҚОЗҒАУҒА КЕРЕК ҚОЛҒАБЫС. ЖАН ДЕ МЕЙЛІҢ БІР МӘН ДЕ, СОЛ ҚУАТПЕН БОЛ ТАНЫС.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет