Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 80



бет93/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 80.


БАШЛЯР Гастон (1884–1962) – француз философы, неорационализм- нің негізін қалаушы. Батыстық сциентизм жағдайында ол жаңа ғылыми рухқа, классикалық емес мәдениет талаптарына сай жаңа ғылыми әдістеме- ні негіздеуге ұмтылды. Ол өз ілімін бірде «қолданбалы рационализм», бірде «диалектикалық рационализм», кейде «техникалық рационализм» деп атаған. Б. бойынша «таза ақыл» (рационализм) мен «таза тәжірибе» (эмпиризм) ұстанымдарынан бас тартып, оларды органикалық негізде қосу қажет. Б. білім дамуының мына кезеңдерін атап өтеді: 1) ғылымға дейінгі (таза эмпиризм үстемдік етеді); 2) ғылыми (рационалды абстрактылы ой- лаудың қалыптасуы); 3) жаңа ғылыми рух немесе ғылымның классикалық емес кезеңі. Бұл үшінші кезеңде түпкілікті ақиқаттардан бас тартылады, ғылым ашық жүйе болып жарияланады және ол тәжірибелік тексерулерге дайын тұрады. Сонымен қоса, ол ғылымды таным құралдарының жиын- тығы деп қарастырады. Б. үшін ең маңыздысы – адамның синтездеуші


127

шығармашылық қабілеті. Ал бұл, Б. бойынша, сананың спонтандығынан туады және ғылым, поэзия және басқа да рухани мәдениет формаларын біріктіре алады. Б. көзқарастары қазіргі постмодернизмге де, К. Поппер мен Т. Кун тұжырымдамаларына да жақын. Негізгі еңбектері: «Жаңа ғылыми рух» (1934), «Рационалды материализм» (1953), «Қолданбалы рационализм» (1962).


Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Т. 15. – Алматы: Жазушы, 2006; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 80.


БЕДЕЛ – адамның жалпы жұрт мойындаған қадір-қасиеті, ықпалы, көзқарастар жүйесі немесе белгілі бір қасиеттеріне, сіңірген еңбегіне көрсетілген лайықты құрметті білдіретін ұғым. Б. – белгілі бір адамның, топтың, қоғамдық ұйымның, әлеуметтік институттың жалпы әлеумет қабылдаған, мойындаған қабілеті мен еңбегі. Б.-дің ресми және бейресми түрлері болады. Б. алдын ала белгіленіп қойған, маңдайға жазылған нәрсе емес, ол әлеуметтік қызмет барысында қалыптасады. Б. қоғамдық қатынас ретінде адамдардың қоғамдық нормаларға, әлеуметтік тәртіпті ұстап тұру құралдарына бағынудың тарихи өзгеріп отыратын формасын білдіреді. Ықпал ету аясы мен тәсіліне қарай Б. саяси, моральдық, ғылыми, тәрбиелік және т. б. түрлерге жіктеледі, яғни билік, ғылым, өндіріс, тәрбие салаларында кеңінен іске асырылып отырады. Б. билікті жүзеге асыру тәсілдерінің бірі де болып табылады. Экономикалық және саяси қатынастарға байланысты Б-дің қолданылу аясы, оның негіздері және Б. иегерінің өзі өзгеріп отырады. Қоғамдық реттілік мемлекеттік механизмдерсіз сақталып отырған алғашқы қауымдық құрылыста тәртіп дәстүр, дағды күшімен, беделге не- месе құрметке ие болған адамдар арқылы сақталып отырды. Құл иеленуші қоғамда моральдық Б. құлдық езгімен ауыстырылды. Орта ғасырда Құдай жә- не Пайғамбарлар, «қасиетті» адамдар Б-і жоғары маңыздылыққа ие болды. Олардың Б-і Құран Кәрімде, Хадистерде, Інжілде бекітіліп отырды. Қайта Өрлеу дәуірі мен жаңа заманда діни Б. теріске шығарылып, моральдық Б-дің (Т. Гоббс) маңыздылығына назар аударылды. Гоббстың түсінігінде Б. білімге немесе қандай да бір адамның даналығына негізделуі тиіс болды. Т.Гоббс:
«Мен кімнің өкімі, кімнің үлгісі қандайда бір басшылыққа алынатын болса, соны бедел деп атаймын…» (Т. Гоббс, Таңд. ШЖ. – М., 1926, – 197 б.) – деп жазады. ХVІІІ ғ. француз материалистерінің (Гольбах, Гельвеций, Дидро) еңбектерінде құдай Б-і саналы құқық Б-мен ауыстырылады. Гольбахтың айтуынша, «елес болып көрінетін құдай беделіне қарағанда, ізгі адамдарды ұлықтайтын және қылмысты жазалайтын» саясат «біршама құрметтеу сенімін орнықтырады…» («Табиғат жүйесі» – М., 1940. – 345 б.). Батыстық индивидуализмнің дамуы адам еркінің автономиялылығын бекіту үшін моральдық Б-ді теріске шығаруға әкелді. Фихте этикасында «таза Мен»


128

ұяты әдептіліктің жалғыз өлшемі болып табылды, ал Б-ге бағыну ұятсыз- дық болып табылды. Ницше этикасында Б. «құлдар» моралінің ұстанымы ретінде жарияланды.


Қазіргі философияда Б-ді түсіндіруде бір-біріне қарама-қарсы екі үрдіс орын алады, олар: фашизм идеологиясы (фюрерге табыну) шеңберінде өзі- нің ұшқары формалары арқылы көрініс тапқан авторитаризм (Б. иесінің шексіз күнәсіздігін мойындау), яғни кез-келген Б-ді нигилистікпен теріске шығару және «жеке тұлғаның абсолютті еркіндігін» анархиялық жолмен уағыздау. Мыс., К. Ясперс адам қандайда бір жағдайды таңдауда ерікті дей отырып, адам бостандығы «Б-дің шүбәсіздігіне» және тіпті «билік беделіне» негізделетіндігін көрсетеді (К. Ясперс, Свабода и авторитет, 1951). Тәртіп сақтау құралы ретінде Б. өндірісте, билікте, басқару ісінде және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында адамдардың кез-келген қызмет түрінде кездеседі. Б. жеке басқа табынушылыққа айналуына жол бермейтін қажетті шарт болып табылады. Халық бұқарасы мен жеке адамның тарихтағы рөлі Б. туралы түсініктердің негізі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет