БАТЫСШЫЛДАР– осылай деп XIX ғасырдың басындағы Ресейде Батысты жоғары қойып, батыстың рухани даму жолын ең тиімді деп сана- ған орыс интеллектуалдарын атаған. Олардың ең алғашқысы және бірегейі Петр Чаадаев болған. Ол өзінің француз тілінде жазылған «Философия- лық хаттарының» аудармасын «Телескоп» журналында жариялағанда (1836) оған патша Николайдан бастап, бүкіл Ресей интеллигенциясы қарсы шыққан. Осыған байланысты кейін славяншылдық бағыты пайда болған. Олардың айтуынша Ресейдің Батыстан бөлек өз жолы бар, ол ұжымдық сананың һәм православиенің жолы. Сол кезден бастап бұл екі бағыт адам- зат дамуына кейінірек қосылған әрбір ұлтта бар. XX ғ. басында пайда болған Алаш қозғалысы алғашқы қалыптасу кезеңінде Б. сипатта болған, кейін революция тұсында оның құрамында орыстың славяншылдығына ұқсас пантюркизм және панисламизм бағыттары қалыптасқаны белгілі.
БАХТИНМ.М. (1895–1975) – көрнекті әдебиеттанушы, философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик. Оның есімі философия мен мәдениет тарихы салаларында елеулі жаңалықтарымен танымал. Ол Ф.Достоевский романдарындағы диалогтық құрылымдарды зерделеген, «басқа» сөзінің
126
түрлерін ажыратып берген, «күлкі-әзіл мәдениеті» категориясын жан-жақты талқылаған, ортағасырлық және Қайта Өрлеу мәдениеттеріндегі «ресми» (шіркеулік) және «халықтық» (карнавалдық) типтерді айшықтаған. «Франсуа Рабле шығармашылығы және ортағасырлар мен Ренессанстың халықтық мәдениеті» (1965) атты еңбегінде Б. карнавалды халық мейрамы ретінде көрсетіп, оның жаңғыртушы бастауларына үлкен назар аударады. Бұл
«дұрыстықтардың», «өмір бейнелерінің», «адам тағдырларының» алмаса- тын уақыты – тазалаушы күлкі уақыты. Осы сипатта Б. өндіруші «төмендік- тердің» бейнесі болып табылатын, күлкі тудыратын «көңілді материя» кате- гориясын арнаулы негіздеді. Бұл тым өзін жоғары бағалайтын дандайсыған адамдарды тәубеге келтіруге бағытталған. Халық өмірінің бір бастауы – күлкі адамды жоғары көтереді, оның рухының толық ашылуына мүмкіндік туғызады. Достоевский поэтикасында Б-ді адам тағдырының шұғыл бұрылыстары қызықтырады. Күлкі-әзіл мәдениеті авторды шынайы өмір трагедияларын терең түсінуге мүмкіндік береді («Достоевский поэтика- сының мәселелері»). Б. көркем сөздің жалпы мәселелерімен де айналысты («Сөз өнерінің эстетикасы»). Бұл зерттеу асқақтық еріктен гөрі, үйлесімді әрі салқынқанды стилімен дараланады. Зерттеуші бұл ізденісінде тек сөзді емес, сонымен бірге адамды, авторды, оның өмірлік тағдыры мен бетбұрыстарын көпырғақты мәдени қалыптарда зерделейді. Адамтану мәселелеріне байланысты Б. қылық категориясына арнайы назар аударады және осы арқылы адамның рухани өсу сатыларын айқындайды («Қылық философиясына») Б. еңбектері адамдық мәдениетті зерделеуде өзінің жан- жақтылығымен және тереңдігімен көзге түседі. ХХ ғ. мәдениеттануында Б-ның еңбектері ерекше орын алады.