Менің қызығушылық танытатын пәндерім: Қазақстан тарихы,қазақ тілі,қазақ әдебиеті.
Оқудан бос уақытта театр, домбыра, кітап оқу, дебатпен айналысқанды ұнатамын.
Мен актриса немесе тележүргізуші саласына өз өмірімді арнағым келеді.
Жалпы өзім кішкентайымнан бастап шығармашылықпен айналысамын. 5,6 жасымнан сахнаға шығып, мәнерлеп оқу байқауларына қатысып, сахна төріне 8 жасымда толықтай сіңісіп кеттім деуге де болады. Содан өзіме театр саласы қатты ұнап кетеді. Ал тележүргізуші саласын өмірлік іс қылып алу себебім, тележүргізуші өміріне қатты қызығамын.Бұл сала арқылы мен өзімнен және басқа адамдардан шабыт алатын боламын. Көптеген зиялы, танымал адамдармен кездесіп, ой алмасатын едім.
Менің ең басты арманым – өз мамандығыммен жұмыс істеп, ата-анамды мақтан етіп, жоғары оқу орнына түсу. Сосын тағы бір арманым – өз ана тіліміздің дамуына үлесімді қосу.
Жалпы осы «Жыл оқушысы»конкурсына қатысуға шешім қабылдаған себебім, өзімді жеке тұлға ретінде көрсетіп, халық арасында өз