Оның жылы жүзі проблемаларынан түңіліп жүрген адамның көңілін көтеруіне себеп болады. Жақсы көңіл-күйде болған адамның есіне көмегі үшін досына алғыс айтпағаны түседі. Дереу рақметін айтып досына СМС жолдайды.
ІІІүзіліс. (Оқушылар болжам жасайды).
Досы СМС-ке қатты қуанып, үнемі түскі асын ішетін кафеде үлкен шайпұл тастап кетеді. Даяшы қыз осындай үлкен шайпұлды бірінші рет алған болатын.
VІ үзіліс. (Оқушылар болжам жасайды).
Кешкісін үйге келе жатып алған шайпұлдың бір бөлігін күнде үйдің табалдырығында отыратын қайыршының қолына ұстатады.
V үзіліс. (Оқушылар болжам жасайды).
Екі күн бойы аш жүрген қайыршы қатты қуанады. Алған садақаға қарнын тойдырып, қайыршы жертөле жаққа әндетіп барады. Жақсы көңіл-күйде болған қайыршы – манадан бері далада жаурап отырған, үсті-басы кір күшікті бауырына басып алады.
VIүзіліс. (Оқушылар болжам жасайды).
Күшік түнейтін жылы орын тапқанына мәз болады. Ыстық жертөле ішінде қуанып жүгіріп ойнайды.
Түннің бір уақытысында тұрғын үйде өрт шығады. Түтін иісін сезген күшік қатты үре бастайды. Күшіктің үргенінен алдыменен қайыршы, кейін үй тұрғындарының түгелі оянады… Уақытылы оянған тұрғындар далаға шығып үлгереді де, өрттен аман қалады.
1.Бұл әңгімеден не түйдіңдер? Қандай қорытындыға келдіңдер?
Мұның бәрі де ақысы болмаған жылы жүздің арқасы… .
Ойын.
1-2 топ , бір-бірлеріне өз ойларынан түрлі эмоциялар мен көңіл күйлерді бейнелеу. Қарсы топ мұқият қарап тұрып, қандай көңіл күй екенін табады.
Қандай белгілер арқылы көңіл күйлерді ажыраттыңдар?
Дәптермен жұмыс.
«Менің көңіл-күйіме әсер еткен оқиға» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз.
Оқулықпен жұмыс. 2.Жағдаят. Көңілділер тобы. Абзал аялдамада өз сыныптасы Аянды кездестірді. Ол сыныптасына өзінің ат жарысқа қатысып, бәйге алғаның айтқысы келді. Аян болса, өзінің саяжайға барғаны жөнінде қайта-қайта айтып, Абзалға сөз бермеді. Сосын бір таныс баласын көріп қалып, бұған қарамастан жүгіріп кетті...
*Аянның қылығы Абзалға қалай әсер етті?
*Абзалға қандай кеңес берер едіңдер?
1.Жағдаят. Жайдарылар тобы.. Теледидар көріп отырған Беріктің ағасы жұмыстан келді де, жағдайын сұрады. Берік болса, жауап бермей, теледидарды қарай берді. Әжесінің бірнеше рет асқа шақырғанын да естіген жоқ. Әжесінің көңілі су сепкендей басылып, ренжіп қалды. Ол немересінің сүйікті тамағын дайындап қойған еді.
*Беріктің қылығын қалай түсіндіруге болады?
Сахналау.
Жайдарылар тобы. • Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш. • Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң.
Көңілділер тобы. • Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық. • Өз досыңның жеңісіне мақтаныш.
Кері байланыс. Түсінгенін, білгенін, сезінгенін бір ауыз сөзбен қорытындылау.