«Әлеумет» білім беру саласы бойынша Экология негіздері



Дата15.09.2017
өлшемі89,29 Kb.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасы

Тәрбиеші

Кулбаева Индира Санатовна


МКҚК « Нұр-Шуақ» бөбекжай-балабақшасы

«Әлеумет» білім беру саласы бойынша Экология негіздері «Орманшыда қонақта» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Ортаңғы «Ақ көгершін » тобы

Өткізген: Кулбаева Индира

2016-2017 ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы № 10

Тобы: «Ақ көгершін»

Аптасы: 4

Блок тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Апта тақырыбы: «Орман патшалығы»

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Кіріктірілген білім беру саласы:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Орманшыда қонақта»

Мақсаты: Орманшының еңбегімен, олардың қызметтері туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері болатыны туралы білім беру. Еңбек адамдарына деген сыйластықты тәрбиелеу. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттелігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Орман бейнесін жасау, интерьактивті тақта

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгіме

Сөздік жұмыс: Жаңғырық, сарқырама




Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі



Балалардың қызметі

Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру

( талпындыру )

Балалар бізге көп апайлар келіп қалыпты. Ибалы, инабатты, әдепті балалар екенімізді көрсетіп қанекей бәріміз амандасайық.

(Балалар, амандасу өлең жолдарын қимыл қозғалыс арқылы орындайды. Таза көңілмен амандасады, көңілденеді)


Балалар мен сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын.
«Қайырлы таң» әнін үш тілде орындайды.

Арайланып таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Армысыңдар достарым,

Армысыздар қонақтар

Салем,салем,салем!



Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бір сұрақ, осы сендер саяхатқа шығып көрдіңдер ме?
Таңертең біздің топқа орманның хабаршылары маған хат әкеліп берді.Ендеше бүгін біз қызықты бір Орманға саяхатқа аттануымыз керек, себебі Орманшы Вик атай сендерден көмек сұрайды, өзі сырқаттанып қалыпты,сол үшін өздерімізді аздап дайындап алайық. Әуелі сендерге Орманшы атайдың хатын оқып берейін. Көмектесуге дайынбыз ба?(Үнтаспадан Орманшы атайдың хаты оқылады)
- Дайынсыңдар ма , балалар?
- Ал балалар,олай болса қатарға тұрамыз, жолда балалар, тәртіп сақтауымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Орманның өз заңдылықтар бар, орманда шуламауымыз керек,өйткені онда жабайы жыртқыш аңдар өмір сүреді, олар қауіпті. Сондықтан орманға тез жету үшін ақырын ән айтып барайық. ( Серік Ибрагимовтың «Жаяу» музыкасымен қосылып маршпен жүру.)
(Шиырманы ауыстырып қояды, балалар пальма банан ағашын, орман суретін, экраннан арыстан, жолбарыс, ілбісін тәрізді жануарларды көреді. Қосымша жан - жануарлардың, құстардың, судың дыбыстарын үн таспадан тыңдату)
Тәрбиеші:
-Бұл ну тоғайлы орман мұнда әр түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер тіршілік етеді. Бұл солардың дыбыстары.
- Балалар қараңдаршы мына жатқан не?
(балаларға шөлмекті алғызып, айтқызу)
Шөлмектің ішінде бірдеңе бар екен қараңдаршы. Балалар бұл не өзі?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл карта. Мұнда Орманшы Вик атайға апаратын жол белгілер беріліпті. Осы картаны өзімізбен алып жүрейік. Балалар қараңдаршы орманның іші қандай әдемі,ауасы тап –таза. Қане бәріміз көзімізді жұмып,ауаны иіскейікші. Орманың иісі қандай екен? (балалар көздерін жұмып тұрғанда ауа тазартқышты ауаға себу)


Орманда бізден басқа кімдер бар екен. Дыбыстап көрейік. Аууууууууу

Еййййййййй ( балалар айқайлағанда таң қалады,орман жаңғырады.) Осы кезде орман іші алай-дүлей болып, шулайды. Экраннан сойлейтін Ағаш көрінеді.

Ағаш: Бұл не шу! Орманның ішін берекесін кетіріп жүрген сендер кімсіңдер?

Ағаш:
Балалар орман ішінде жүру өте қауіпті, орман ережелерін сақтау керек Сендер қандай орман ережелерін білесіңдер?


Балалар: Орманда айқайламау керек, ысқыруға болмайды, ағаш - бұтақтарын сындыруға болмайды
Ағаш: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше мұқият болып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге қауіпсіз жол ашамын. Егер орман ішінен үй жануарларын көрген болсаңдар үндемей өтесіңдер. Ал жабайы орман жануарларын көрсеңдер қолдарынды шапалақтап өтесіңдер. Сол кезде олар сендерден қорқып тиісе алмай қашып кетеді.

Балалар: Жарайды

Тәрбиеші: Балалар карта бізге бір жол көрсетіпті ,бір іздік жолдан абай болып өтейік.

(Балалар ағаштың тапсырмасын мүдірмей орындайды, алдарынан Маугли шығады)

Балалар бізге Мауглидің де тапсырмасы бар екен оны да орындайық.

Балалар Мауглидің жасырған жұмбақтарын шешеді.

Балалар картаның жол белгісі бойынша сендер бір - бірлеріңнен қалмай жер асты жолмен өтіп жүрулерің керек.(Матадан тігілген жер асты жолы)

Балалар, бір дыбыс естіледі! Тыңдаңдаршы, ненің үні?


Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар, сарқырама қандай тамаша. Балалар сарқыраманың жағасында біраз сергіп алуға қалай қарайсыңдар?
Орман қандай керемет
Аюлар жүр қорбаңдап
Қасқырлар жүр арбаңдап
Жапалақтар жалпылдап
Қояндар жүр орманда
Құлақтары қалқаңдап
Секіріп-секіріп алайық орынымызға тұрайық.
Алдарынан Пираттар шығады.

Тәрбиеші: Балалар енді пираттардың тапсырмасын орындайық, әйтпесе олар бізді ұстап алып Орманшыға жібермей қояды.

Пират: Маған отбасы туралы санамақты қазақша және орысша айтып беріңдер
Балалар бұл тапсырманы да орындайды.
Тәрбиеші: Міне енді сарқыраманың жағасына келіп жеттік. Сарқыраманың көрінісі қандай әдемі, қараңдаршы бұл қандай тамаша жер. Табиғатты қандай сұлу сендерге ұнады ма?
Дұрыс айтасыңдар балалар бұл ну орманды тоғайда әр түрлі жабайы жануарлар, құстар тіршілік етеді. Балалар енді картаның жол көрсетуі бойынша, Орманшы Вик атайдың үйіне келіп жеттік.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Вик атай?

Орманшы: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Тәрбиеші: Қалыңыз қалай,Орманшы атай? Біздің балалар сіздің хатыңызды оқып көмектесуге келді.

Орманшы: Ой рахмет, қандай ақылды, жанашыр,мейірімді балалар екенсіңдер. Мен сендердің келетініңдерді білгем. Маған мына отынды жарып көмектесіңдерші.

Балалар: Жарайды атай.

Балалар жұмылып іске кірісіп отын жарып комектеседі. Іс-қимылды ойын.
(Тапсырманы көңілді әуен мен орындайды.)

Экраннан ағаштардың суреті шығады.



Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес, бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді.
Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Олар көптеген құстар мен жәндіктерге қорек беріп, пана да болады. Аң-құстарды ыстық күннен, қатты желден және жауыннан қорғайды.
Олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі.
Ағаштар күзде жапырақтарынан айырылып, қыста жалаңаш тұрады. Тек шыршалар сияқты ине тәріздес жапырактары бар ағаштар суықтан қорықпайды, қысы-жазы жасыл қалпында сақталады.
Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап деп аталады. Жер бетінің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Түсіндіңдер ме балалар.

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Балалар, Орманшы атайдың шаруасына жарап жүрген түрлі түсті жіптері домалап шашылып қалыпты,баріміз жинап берейік. Бірақ жай жинап қоймай, түстерін қазақша-орысша-ағылшынша айтып берейік. ( Түстерді айтып береді)
Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін атайға көмектесіп отын жардыңдар.. Бұл жинағандарың аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық.Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолдарымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізіге жақындап тұрайық. Ыстық жалынды сездіңдер ме? Жылындыңдар ма?

Жарайды балалар, ауа райы бұзылайын деп тұрған сияқты,кеш болмай тұрған уақытта балабақшамызға жетіп алайық.

Орманшы: Сау болыңдар балалар, сендердің көмектеріңе рахмет! Білімді,ақылды балалар екенсіңдер! Болашақтарың жарқын болсын, үлкен азамат болып өсіңдер!

Тәрбиеші: Сау болыңыз!

Балалар көрдіңдерме, үлкендерге көмектесу керек, айтқандарын тыңдау керек. Адамдарға жақсылық жасау керек, үнемі алғыс алып жүрсеңдер сендер маңдайларың жарқыраған үлкен азамат болып өсесіңдер!


балалар өз ойларын айтып жауап қайтарады

- Біз саяхатқа шығуға дайынбыз.


Балалар: Бұл шөлмек.

Карта ғой.

- Мұрыныма самал тазалықтың иіс келді.


- Ағаштардың исі мұрыныма келді.
- Шөптердің әдемі жағымды исі мұрыныма жетті т. б.

Біз Орманшы Вик атайға көмектесуге кетіп барамыз

- Сарқырама ғой.
- Қандай әдемі.
- Керемет

Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды

Иә сарқыраманың көрінісі әдемі.
- Табиғаты сұлу маған ұнады.
- Сарқыраманың ағынды суы адамды тыныштыққа бөлейді.
- Мұнда әр түрлі жан - жануарлар мекендейді екен.

Ақ-белый-white

Көк-синий-blue

Сары-желтый-yellow

Қара-черный-black

Жасыл-зеленый-green

Қызыл-красный-red

-Иә
-Иә

Сау болыңыз, атай!

Жарайды


Рефлекциялық

(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)





Осымен біздің ну орманға саяхатымыз аяқталды. Балалар орындарыңа жайғасып отырыңдар. Біз бүгін қайда саяхаттадық? Не көрдіңдер? Не білдіңдер? Кімге көмектестіңдер?
- Сонымен балалар бүгінгі шағын саяхатымыз өз мәресіне жетті. Сендер орман тәртібін бұзбай, ашық оқу қызметіне өте жақсы ат салысқандарың үшін қуанышты хабарламамды тарата отырып, алғыс білдіремін. Сау болыңдар, балалар!


Балалар: Ну орманға саяхатта болдық, жан - жануарларды, құстарды, жыртқыш аңдарды көрдік. Орманшы атайға көмектестік.

Балалар: Сау болыңыз- До свидания-Гуд бай!


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Жабайы жануарлар мен үй жануарларын айыра алады

Меңгерді: үлкендерге көмек көрсете отырып,бір-біріне жылулық сыйлауды



Түсінеді: түстерді үш тілде айтуды, орманда тыныштық сақтауды

Өткізген тәрбиеші: Кулбаева И
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет