Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Два источника морали и религии. – М., 1994; Философия



бет98/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Два источника морали и религии. – М., 1994; Философия.
Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 87–88 бб.


БЕРДЯЕВ Николай (1874–1948) – көрнекті философ, персонализм мен экзистенциализмнің идеологы. Ғасыр басында жария марксизм дегенге жақындап, кейін діни философияға бет бұрды. 1922 ж. Кеңес үкіметі оны шетелге жер аударып жібереді. 40-тан артық кітаптарының ішінде филос. түбегейлі трактаттар («Еркін рух философиясы», 1927 т. б.), мәдени-тарихи туындылар («Ресей тағдыры», 1918, «Орыс идеясы», 1946 т. б.), әдебиеттану саласында («Достоевскийдің дүниетанымы», 1923) және өмірбаяндық («Өзін тану», 1947) эсселері бар. Б. ұлт пен мәдениет, мәдениеттегі жалпы- адамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс және мәдениет сияқты түбегейлі мәселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Б. аталған сұрақтарды бірінші, батыл және ашық қойды және олар қалыптасып келе жатқан ғылым – мәдениеттануда үлкен қызмет атқарады. «Орыс рухы» туралы пайымдауларында Б. орыс рухының «пейзажы» орыс жерінің
«пейзажына» сәйкес келеді деді. Сонымен бірге, Б. орыс халқына тән бюрократтық орталықтандырылған билікті жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтті. «Орыс халқында, – деді Б., – кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар». Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша, амбиваленттік тән. Б. орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті, қарапайымдылықты жоғары бағалады. Сондық- тан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талқандау ұзаққа созыла ал- майды, түбінде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді. Басқа да орыс философтары сияқты Б. «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарын бір- бірінен ажырата қарастырады. Мәдениет рухани және ақсүйектік құбылыс болып табылады. Өркениетте техникалық, «машиналық» жақтар басым. Б. халықтың бірлігі мен рухани егемендігін қызу қолдады, дәйекті демократ болды. Адамдық тұлға және оның тіршілігі Б. ізденістерінің өзегі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет