Әдебиет: Судьба России. – М., 1990; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 88–90 бб.
БЕРЕКЕ – қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ауызша жасалатын келісім түрі. Ол айырбас, сауда-саттық барысында қолданылған. Жалпы әдет жосындарында б. ин-ты бүкіл келісімнің, мәміле атаулының негізгі шарты болған. Билер сотында оны дауласушы тараптарды татулас- тырып, бітімге келтіру үшін де пайдаланылған. Яғни, дау қуып, талап қою- шы жақтың материалдық мүддесін мүмкіндігінше қанағаттандырып, разы қылатын Б-лі келісім табуға тырысқан.
БЕРКЛИ, Джордж (1685–1753) – англо-ирландық спиритуализмді насихаттаушы философ. 1685 жылы 12 наурызда Ирландияның Килкенни графтығының Томастаун елді мекенінің маңында дүниеге келген. Бастап- қыда Килкенни колледжінде, кейін Дублиндегі Тринити-колледжінде оқып, осы колледжде дәріс берді. 1710 жылы дін қызметкері болды. 1713 жылы Лондонға көшіп келіп, «Көрудің жаңа теориясының тәжірибелері», «Адамзат білімінің ұстындары туралы трактат», «Гилас пен Филонус арасындағы үш әңгіме» атты философиялық еңбектерінің және тапқыр шешендігінің арқасында танымал философқа айналды. 1713–1721 жылдары Еуропаны кезді; 1723 жылы Бермуд аралдарында үндіс балаларына арнап колледж аш- пақшы болды, бірақ қаржы тапшылығынан аша алмады. 1728–1731 жыл- дары Род-Айлендте қалып, «Алсифрон, немесе Майда философ» еңбегін жазды. 1734 жылы Дублинде Клойн епископы болып тағайындалды және
«Сейрис немесе Философиялық толғаныстар мен зерттеулердің тізбегі» деп аталатын соңғы еңбегін жазды. 1752 жылы ол барлық қызметті тастап, отбасымен Оксфордқа көшіп келді. 1753 жылдың 14 қаңтарында Оксфордта көз жұмды.
Б-дің діни астарлы философиясы сол заманда сәнге айналған реалистік, атеистік және материалистік идеяларға қарсы бағытталды және Дж. Локк- тің сенсуалистік ілімінің ықпалын бойына сіңірді. Адамның танымға деген қабілетін бекіте отырып, Беркли сезімдік тәжірибені білімнің көзі деп есептеді. Берклидің ілімінше, шындығында тек рух қана өмір сүреді, ал бүкіл материалдық әлем біздің сезімдеріміздің алдауы ғана, сондықтан Локктің «материалдық субстанциясы» қате идея. Рухтың екі түрі болады: соңғы ақылдар және Әлемдік Зерде (Құдай). Адамдар толығымен рухани әлемге бағынышты. Б.-дің негізгі тұжырымдамасының бірі – «өмір сүру – демек, сезіну». Осы тұжырымдаманың негізінде Б. субъективтік идеализм
доктринасын жасап шығарды. Тек «Мен» жалқы субъектін ғана мойындау солипсизм деп аталады.