Әдебиет: Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. Оқу
құралы. – Алматы, 2013.; Идеи. Концепты. Судьбы. Институту философии и политологии – 50. – Алматы, 2008.
189
Д
190
ДАВИД Анахт (жеңімпаз, V ғ. аяғы – VI ғ. бірінші жартысы) – армян философы, логикі. Неоплатонизмнің александриялық мектебінің өкілі. Александрияда оқып, сонда оқытушылық қызмет атқарған. VI ғасырдың
30 жылдары Арменияға оралып, ежелгі армян философиясының греко- фильдік мектебіне жетекшілік жасады. Өзінің «Философия анықтамасы» еңбегінде антикалық релятивизм және агностицизмнің өкілдерін сынады. Оның «Порфирийдің кіріспесін талдау», «Философияның анықтамасы» атты еңбектері грек тілінде жазылып, кейін армян тіліне аударылды. Ол философия ғылымын құдайлық және адамзаттық ұғымдар туралы ғылым ретінде, өнер мен ғылымның шыңы ретінде, мән-мағына туралы ғылым ретінде, даналыққа құштарлық ғылым ретінде қарастырды. Оның еңбек- тері армян философиясының қалыптасуына елеулі рөл атқарды.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.
ДАҒДЫ – адамның мақсатты қозғалысты атқаруы мен реттеуін, автоматты түрде орындауын атайды. Қозғалыстың автоматталуының өріс- теуі іс-қимылды саналы реттеудің ұлғаюымен қатар жүреді. Іс-қимылдың автоматтануының нәтижесінде оның құрылымдары өзгеріске ұшырайды. Іс-қимылды игеру нәтижесінде қажет емес қозғалыстар жоғалады, яғни, қозғалысты орындау ырғағы жеделдетіледі. Сонымен, іс-қимылды атқаруда дәйектілік, үйлесімділік және қозғалыс жылдамдығы артады. Іс-қимылды сенсорлы бақылау әдістері өзгереді. Іс-қимыл нәтижелерін бақылау үшін маңызды бағдарларды жылдам ажырату мен айқындау қабілеті дамиды. Іс-қимылды орталық реттеу әдістері өзгереді. Д. – бұл саналы автомат- тандырылған іс-қимыл. Д-ны қалыптастыруда басты құрал адамның бақы- лайтын және орындайтын іс-қимылын сөзбен жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, идеалды іс-әрекет – жүзеге асырылуы тиіс іс-қимыл бейнесін
«ақыл-ойында» бейнелеу. Адам дағдысы саналы автоматтандырылған іс-қимыл ретінде пайда болады. Д. іс-қимылды орындаудың автоматты тәсілі ретінде қызмет атқарады. Адам дағдысының қалыптасуына адамның бұрынғы тәжірбиелері де ықпал етеді. Әрбір дағды адамдағы дағдылар жүйесіне өзара әрекеттестік негізінде қосылады. Д. іс-әрекеттің қай түрін- де де маңызды орын алады. Д-ланған іс-қимыл шапшаң және жылдам атқарылады. Д-ның нәтижесінде атқарылатын іс-қимыл нәтижелі болады. Д-ның нәтижесінде адам санасы іс-әрекеттің маңызды, шешуші сәттеріне жұмылдырылады. Д-ны бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, жазу, оқу, есептеу, спорт түрлеріне байланысты дағдылар, еңбек, мамандық машықтары және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |