Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет215/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ИННОВАЦИЯЛАР – алдыңғы қатарлы ғылым мен тәжірибе жетістік- терін пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңашылдықтар. Сонымен қатар, осы жаңа- шылдықтардың адами қызметтің әртүрлі салаларында пайдаланылуы.


ИНАБАТТЫЛЫҚ – адамның әлеуметтік болмыста оңды қасиеттерін білдіретін этикалық категорияның бірі. «Инабат – ердің қазығы емес пе, инабатты ер – елдің қазығы емес пе?» (Қазы би). Инабаттылық тектіліктің

  • қайнар көзі. И.-тың үлгісін Төле бидің: «Басым бұлтқа тиер деп бұққан

  • батыр, кесірім жұртқа тиер деп ыққан – батыр» – деп айтқанынан айқын көруге болады. Ғ.Мустафин: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен- кішіні сыйлау – инбаттылықтың көрінісі» – деген. Қазақ әйел адамның И. танытқандығын жоғары бағалаған.





ИНСТРУМЕНТАЛИЗМ – прагматизмнің бір түрі, ол Дж. Дьюи еңбектерінде жете зерттелген. И. логиканы этикалық, эстетикалық сана- ның, интеллектінің тез өзгерістерге ұшырайтын түрлерінің қоршаған орта жағдайларына сәйкес қалыптасуының бірден-бір құралы деп қарастырады. И-нің негізгі ұғымы – кеңістік пен уақыт аймағында шектелген ағза, немесе орталық және орта ажыратылатын жағдай (ситуация) ұғымы болады. Ағза сапасында жануар, адам, қоғам, кез келген физиологиялық немесе әлеуметтік құрылым алға шығады. Ағзаның қызметіне байланысты орта – анықтық, тұрақтылық, қайталанатын белгілерге ие болады. Ағзаның ортаға әсері теория және практикалық сипатқа ие болып, проблеманы шешуге бағытталады. Қызмет ортадан белгісіздік элементтерін жояды. Ағза анықтылыққа жетуі үшін реттеуші (лайықты) аспаптар ретінде қарас- тырылатын құралдарды пайдаланады. Философиялық ағымның атауы осыдан шыққан. Прагматизм тәрізді философияның негізгі сұрағы жауа- бынан бас тартқан И. аспаптар жүйесіне тең құқықты идея, ғылыми теория, тіл, ағза бөлігі, машиналар, байланыс және хабарласу құралдары тәртібін
енгізеді.


ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЖӘНЕ МОДЕЛЬ (лат. interpretatio – ұғындыру, түсіндіру) – жаратылыстану, математика, логика, таным теориясында қан- дай да бір тәсілдер мен элементтерге (формулаларға, символдарға және т. б.), теорияларға берілетін мәндер (мағына) жиынтығы. И. термині жеке мәндерге байланысты да қолданылады, мұндай жағдайда осы символдың, айтылғанның, формуланың И-сы туралы сөз болады. И. ұғымының таным- дық маңызы бар. Ол ғылыми теорияны – онда бейнеленген ақиқатпен салыс- тырғанда, теория тұрғызудың әртүрлі тәсілдерін сипаттаған кезде және танымның дамуы барысында олардың арасында пайда болған өзгерістерді көрсеткенде үлкен рөл атқарады.
Модель (лат. modulus ) – қандай да бір физикалық жүйені, оның басты қасиеттерін және параметрлерін жеңілдетіп көшіретін тәжірибелік құры- лым немесе математикалық (логикалық) конструкция. М. ақиқат өмір сүретін жүйелерді қандай да бір бар тәсілдермен зерттеу мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Тәжірибелік М. жасау – модельдеу деп аталады. М. арнайы жағдайда орналастырылған немесе кейбір орталардың жағдайын жуық шамамен қайталайтын немесе сол, әлде басқа физикалық үдерістегі құбылыстардың бірізділігін қайталайтын физикалық дененің көшірмесіндей болып көрінеді.

ИНТРОЕКЦИЯ (лат. Intro – ішке (in) iecio – тастаймын, қоямын) – мүмкін еместік туралы Авенариустың енгізген ұғымы. 1) таным теория- сында қабылданатын бейнелердің индивид санасына енгізілуіне байла- нысты пайда болған мүмкін еместік туралы ұғым. Авенариус пікірі бойын- ша, бұл – жалпы идеалдылық пен реалдылықтың бөлінуіне жол берілмеуі керектігінен туындайды. Өйткені ол өз философиясының негізіне тәжірибе ұғымын алып, онда материалдық пен руханилықтың қосылып кететінін дәріптеп, жалпы материализмді жоққа шығаруға талпынады. 2) И. ұғымын психологияға енгізген венгер психоаналитигі Ш. Френци болды. Ол И.-ны


«Жоғарғы Меннің» қалыптасуы үдерісінде маңызды рөл атқаратын пси- хологиялық механизм ретінде қарастырады. Психологияда индивидтің бас- қа адамдардың ұйғарымдарын, мотивтерін, көзқарастарын өзінің ішкі әлемі ретінде қабылдауы теңдестірудің негізі болады. И. проекцияға қарама- қарсы.


ИНСАЙТ (ағылш. Insight – көрегендік, түсіну) – логикалық талдаудан тыс, тікелей танымды білдіретін интуитивизм философиясының термині. Инсайт термині шамамен жобаланған келесі гносеологиялық мазмұндар- ды: Декарттың анық және айқын идеяларын, Ф. Аквинскийдің тікелей құдайды ұғынуын, Канттың ақылдың тәжірибеден тыс түрлерін, Бергсон- ның интуициясын сипаттайды.


ИНСТИНКТ (лат. Instinctus – түйсік, ырықсыз сезім) негізінде туыла біткен, шартсыз рефлекстер жататын, өмірлік маңызы болатын әрекетті жасауға бой ұрғызатын қасиет, түрлердің тұқым қуалайтын икемді мінез- құлқы. Инстинкт ұғымының ғылыми талдануы ХVІІІ ғасырдан басталды. Оны француз философы және дәрігер Ламетри жануарлардың дене құры- лысымен және жүйке жүйесімен байланыстырып, инстинктілік әрекет- тердің автоматты жүзеге асатынын аңғарады. Кондиляк оны ақылдың редукциясы, Де Руа енді пайда болып келе жатқан ақыл ретінде анықтайды. Француз ғалымы Фредерик Кювье И-ке тән туа бітетін және таптаурындық белгілерді байқайды. Ламарк өзінің «Зоология философиясы» (т. 1–2) еңбе- гінде жануарлар И.-сі пайда болуының түпкі тегіне байланысты екеніне, маңызды өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруда пайда болғанына сілте- ме жасайды. ХХ ғасырда экспериментальді биологияның жетістіктеріне сай И. проблемаларының зерттеулері тереңдей түседі. И. түрдің туа біткен мақсатына лайықты мінез-құлық қызметі, сыртқы ортаның белгілі бір әсеріне, ішкі тітіркенулер, қан құрамының өзгеруі (гормональді факторлар) және ішкі секреция бездерінің (жыныс, гипофиз, қалқанша без және т. б.) жауабы ретінде пайда болатыны анықталады. Сеченев пен Павлов жануар- лар мінез-құлқы негізінде жататын физиологиялық механизмдерді ашты. Павлов И-ті ағзаның қоршаған ортамен тұрақты байланысы жүзеге асатын, күрделі шартсыз рефлекстер ретінде анықтайды. Ең басты инстинктілер: тамақтану (азық), өзін қорғау (қорғаныс жасау), көбею (жыныстық, ата- аналық), бағдарлық, сұқбаттасу (топтық үйірлік). И-лік қызметтің қалып- тасуы анатомды-морфологиялық құрылымның дамуымен, әсіресе, жануар- дың осы түрінің жүйке жүйесімен тікелей байланысты. Омыртқасыз жануарларда И. қызметті реттеу бастың ганглиясымен, ал омыртқалы жануарларда мидың қабық асты бөліктерімен жүзеге асады. Адам И. бағынышты рөл атқарады. Оның мінез-құлқын әлеуметтік қатынастармен және өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан жоғарғы жүйке жүйесі тежеп, өзінің бақылауында ұстайды. Сондықтан адам мінез-құлқының саналы және рухани сипаты, психикасының жануарлар психикасынан сапалы айырмашылығы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет