Әдебиет: Фрагменты ранних греческих философов. Т. 1. – М.: Наука, 1989.
– С. 129–135; Томсон Дж. Исследования по истории древнегреческого общества, т. 2. Первые философы. Пер. с англ. – М.: 1959. – С. 153–154; Лосев А. Ф. История античной эстетики. Ранняя классика. – М.: Ладомир, 1994. – С. 312–317.
АНАЛОГИЯ (грек. аnalogia – сәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объек- тілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Логикада дедукция индукция- мен қолданылатын ой тұжырымы. А-да ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды. А-лық тұжырым жасау адамзат енді-енді қауымдаса бастаған шақтың өзінде-ақ қолданыс тапқан. Мысалы, адамдар алғаш қауымдаса бастаған кезеңде табиғат заңдылықтарын әлі жете меңгере алмаса да, аң аулауда, басқа да тіршілік салаларында А-лық тәсілді стихиялық түрде қолданды. Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай: қасиеттер А-сы және қатынастар А-сы болып екіге бөлінеді. Егер заттар белгілерінің ұқсастығы олардың қасиеттері арқылы салыстырыла- тын болса, онда ол қасиеттер А-сы деп аталады. Заттар қатынастар негізінде салыстырылса, онда ол қатынастар А-сы болады. Салыстырмалы заттар А-сының объективті негізі олардың қатынасы, жекелеген қырлары арасындағы заңды байланыстар. А. – алынған қорытынды ықтималдық сипатта. Ал оның дәрежесін көтеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс: 1) салыстырылатын заттардың ортақ белгілері көп және әр түрлі сипаттарды қамтуы; 2) заттардағы ортақ белгілердің маңызды болуы;
3) ортақ белгілермен ауыстырылатын белгілер арасындағы заңды байланыстардың барлығы. А. ізденушінің білімін ұштауына, ақиқатқа қол жеткізуіне септігін тигізеді, бірақ оны ғылыми зерттеудің бірден-бір, негізгі тәсілі ретінде қарастыруға болмайды. А. – танымдағы көмекші тәсіл, білім жетілдіруіндегі көптеген әдістердің бірі болып қала бермек.
АНАРЫС, Анахарсис (б.д.д. VI–VII ғғ.) – тарихта «Скиф Анахарсисі» деген атымен белгілі, сақ тайпасынан шыққан ғұлама. Шыққан тегі – патша тұқымынан, анасы – эллиндік. А-тің тікелей жазған еңбектері бізге жетпегенімен, ол туралы көптеген куәліктер, нақыл сөздері мен философемалары сақталған. А. туралы естеліктер Геродот, Платон, Аристотель, Плутарх, Диоген Лаэртский еңбектерінде кездеседі. Плутарх оны «әлемдегі жеті ғұламаның бірі» деп таниды. А. өмірінің біршама бөлігін Афинада өткізіп, атақты реформатор Солонмен достық қатынаста болған, Отанына қайта оралған соң, туысының қолынан қаза тапқан. А. мұрасы зерттеуде постмодерндік интермәтін (мәтіндегі мәтін) тәсілін ұтымды қол- дануға болады. Себебі, А-ке танылған ойлау үрдістері басқа авторларда сіл- теме және афоризмдер түрінде келтірілген. Диоген Лаэртскийдің «Атақты философтардың өмірлері, ілімдері, нақыл сөздері» атты еңбегінде А. айтты деген кейбір афоризмдерге назар аударайық: «Элладалықтар қызық осы: мұнда сөзді ақылдылар айтады да, ал мәселені ақымақтар шешеді», «Базар
– адамдардың бірін-бірі алдап-арбап, ұрлап-жырлауы үшін әдейі жасалған орын». «Өлі көп пе, тірі көп пе?» деген сұраққа А. «Ал теңізде жүзіп жүр- гендерді қайсысына қосамыз?» деп қайыра сұрақ қойған екен. А-тің 800 жолдай өлеңінің біразы «Латын антологиясы» атты жинақта жарияланған. А-тің тұлғалық мәдениетін антикалық отырықшы және сақтық көшпелі өркениеттердің үйлесімді қосылуы деп қарастыруға болады. Ол эллиндік барлық дәстүрді алғысы келмей, кейбіреулерінің теріс екендігіне назар аударды. Бұл туралы А-тің мына бір жолдары тарих қойнауына келген:
«Адам алғашқы бокалды денсаулық үшін көтереді, екіншісін – көңілді болу үшін, үшіншісін – ар-ұятын жиып қоюға, төртіншісін – ақылынан алжу үшін көтереді». А-тың ғұмырбаяны мен ғұламалығы сол кездегі көшпелілердің мәдени өркениеттік дамуының айырықша көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |