Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет33/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   390
Байланысты:
treatise187525
Боямасыз махаббат М.Кенжебаев, 3-кезең кітабы, 2 СЫНЫП КТЖ 34апта 2023-2024 о ж Ләззат (1)
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007. Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.




АНСЕЛЬМ Кентерберийский (1033–1109) – ортағасырлық теолог, фило- соф, ерте схоластика кезеңінің көрнекті өкілі, 1093 жылдан Кентерберий- скийдің архиепископы. Негізгі шығармалары: «Монолог», «Пайымдауға қосымша» («Proslogion»), «Грамматика жөніндегі сұхбат» және т. б. Ансельм Кентерберийский ілімінің толығымен схоластикалық сипатта болмағанын оның философияда платондық дәстүрлерді жалғастыруынан көруге бо- лады. Сенім ақыл-ойдан жоғары болуы керек деп тұжырымдайды: «түсіну үшін сену» қажет; әйтсе де сенім «рационалды» түрде негізделуі де мүмкін. Христиандық сенім догматтары А. үшін – ешқашан да өзгермейтін ақиқат; солай дегенмен де адамның сенімін нығайту үшін оларды ақыл-ойдың көмегімен түсіндіргенді жөн санайды. Сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесінде А. августиндік ұстанымды жақтады: сенім ақылдың алдында болады («түсіну үшін сенемін»). Осылайша А. рационализмі фидеизмге бағытталды. Универсалийлер жөніндегі мәселеде А. шектен шыққан реализм бағытын ұстанды. А. құдай болмысын онтологиялық тұрғыда дәлелдеуді дамытты. Дегенмен, А. бойынша ақыл-ой диалектика өнерінің көмегімен сенімнің ережелерінде көрініс тапқан ақиқаттарды анықтауы қажет. А. пайымдауынша «құдайлық аянды» рационалды жолмен дәлелдеуге болады. Осылайша диалектика сенімнің айрықша құралына айналды: христиандық діни ілім бір жағынан диалектикалық пайымдаудың алғышарттарын негіз- десе, екінші жағынан одан шығатын қорытындыларды алдын-ала анықтап қояды. Діни ілімнің догматтарын (әлемнің жоқтан жаратылуы, Үштік, алғаш- қы тектік күнә догматтары, Исус Христостың адамзатты құтқару жолында құрбан болуы және т. б.) рационалды түрде тұжырымдауды А. философиялық
«реализмнің» концептуалды негізінде жүзеге асырды. А. этикалық мәселе- лерге де ерекше көңіл бөлді (мысалы, ерік-жігер бостандығы мен таңдау еркіндігі), тілдің семантикалық қызметін зерттеу мен тілді басқаратын ішкі заңдарды іздеу негізінде ақиқат (референциалды, препозиционалды және актуалды ақиқаттар туралы ілім) жайлы өзінің концепциясын ұсынады.

АНТАГОНИЗМ (грек. antahonisma – талас, тартыс, күрес) – жаула- сушы жақтардың немесе тенденциялардың белгілі бір себептерге байла- нысты ымыраға, бітімге келмейтін шиеленіскен қарама-қайшылығы. А. термині қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі ретінде діни жүйелерде, философиялық тұрғыда И. Канттың, А. Шопенгауердің, К. Маркстің және т. б. ілімдерінде қолданылады. А. әлеуметтік және индивидуалды деп бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік А. Маркстің әлеуметтік философиясында маңызды орын алады. Онда қарама-қайшылықтарға түрткі болатын жеке меншік делінеді. Индивидуалды А-дер халықаларық ұйымдасқан кылмыстық іс-әрекеттер мен сыбайлас жемқорлықта, экстремизм де көрініс табады. Индивидуалды А. қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға


байланысты орын алады. Мәселен, бұл жағдайда А. адамның өз-өзінен, билік пен мәдениеттен жатсынуынан туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет