РОМАНТИЗМ (франц. romantіsme) – XVІІІ ғ. соңы XІX ғ. ортасы аралығында байқалған Батыстың рухани өміріндегі идеялық және көркем қозғалыс. Германияда пайда болып, бүкіл Еуропа мен Ресейге таралды. XІX ғ. басында Еуропада тек Р-лық өнер (Д. Байрон, В. Гюго, В. Жуковский) ғана емес, Р. философия мен эстетикада (ағайынды Шлегельдер, Новалис, Ф. Шеллинг, Гельдерлин, Шлейермахер) қалыптасты. Р. – эстетикаға метафи- зикалық статус берді. Неміс Р-нің ерекшелігі – тарих идеясын адамзаттық рухани мәдениетінің қалыптасуы тарихы ретінде қарастыру, болашақ пен өткенге үңілу, ал осы шақты – тұрақтанбаған, ретсіз нәрсе деп түсіну. Р. тек идеологияда ғана емес, сондай-ақ сол дәуірдің белгілі бір дүние түйсінуі, дүниені қабылдауы ретінде қоғамдық психологияда да өз көрінісін тапты. Р-лық дүниетүйсінудің мәні – жалған дүниемен оған сай келмейтін жоғары мұрат арасындағы шешілмес қайшылықты мойындау.
РУССО Жан Жак (1712–1778) – француз философы, әдебиетші. Р. қоғамдық прогресстің құндылығы, адам табиғатының жетілуі туралы мәселені қойды. Р. қоғамдық прогресс – қарама-қарсы процесс және тұл- ғалардың мүдделеріне сай келмейді, ал ағартушылықтың дамуы адамзат даналағын арттырмайды деп санайды. Р. пікірінше адам ең алдымен эмо- ционалды жан. Тіршілік ету – бұл сезіне білу, өйткені жан сезімі парасаттан да жоғары. Тұлғаның өзегі – ұятта, ал ол ой толғауда емес, сезімде көрініс табады. Р. өзінің «Эмиль немесе тәрбиелеу туралы» атты педогогикалық шығармасында біздің барлық түсініктеріміз сыртқы дүниеден бастау алса да оларды бағалайтын (баға беретін) сезім біздің өз бойымызда ұяланады деп
жазады. Жан дүниеден бастау алатын сезімді Р. әрқашан сыртқы ортадан бастау алатын рационалдыққа қарама-қарсы қояды. «Арманшылдың серуені» атты еңбегінде Р. жеке адамның жаттануы мәселесін көтереді. Мәдениеттің жаппай «күйреуін» Р. жаттанудың жеткен шегі деп санайды. Ол бұл картинаны «Жаңа Элоиза» шығармасында суреттейді: Парижде адамдар «танымастай өзгерген, қоғам оларға өз мәндеріне сай келмейтін мәндік сипат дарытқан». Ол барлық әлеуметтік шарттылықтан, көлгірсіген ақылдықтан табиғилыққа, шын сезімге, мәдениеттен табиғатқа «түп бастауларға» қайтып оралуға шақырады. Р. – мұраты өткеннің басты сипаттарын, «табиғи қалыпты» қайта жаңғыртатын болашақ: онда адам- дардың мүліктері ортақ, тең болады, саяси сала жойылады. Адамдар ер- кін өмір сүреді, заңдастырылған жеке меншік болмайды, олар бір-біріне тәуелді емес, тек «еркін одақтарға» бірігеді. Мораль қалыптасқанға дейінгі жабайылар осылай өмір сүрген, оларды әлеумет-тік өмір бұзбаған. Р. өткенді қайта жаңғырту адам бақытына кепілдік бере алатын мәдениетті табиғаттандыруда деп санайды.
РУХАНИ БАСТАУЛАР – а) адам болмысының табиғаты мен оның тұтастығынан, адам дүниесінің тұрлаулы байлығынан, адамның тұрмыс- салттағы болмысының ережелерінен туындайтын төл құндылықтар; ә) адам- ды Құдайға жақындату, Жаратқан сый еткен байлықты адамзаттың береке- сін келтіруге, мәртебесін көтеруге жарату жолдары; б) әрі-сәріден түңілді- ретін ауызбірлік пен өзара ықпалдастықта. Р. б. – адамгершіліктің тұны- ғында, адамзаттың бітімінде, әлемнің руханият тұрпатында, құдіретке құл- шылық етуде. Р-лықтың мұндай шоқтығында шындық пен шымырлық, тазалық пен табандылық, жақсылық пен жарасымдылық астасады; өмірлік кеңістіктің кеңдігі мен үдемелі талпыныстың теңдігі тұрақты ұстанымға айналады; сезім мен сенімнің тереңдігі біртұтастық пен серіктестіктен демеушілік табады; еркіндік пен жігерлілік тұлғалықтың тұрақты табан- дылығын құрайды. Р. б-да: а) көзбен көретін бейнелік және ұйып тартатын ұғымдық ағым- дар тоғысты; ә) адамның жасампаз күшінің қайнар көзі ашылды, индивидтің тұлғалық бейнесі жасалынды; б) ішкі және сыртқы агрессияшыл пиғылдың өрісі тарылды; в) өткеннің теріс үдерістерін тоқтатуға болады деген сенім бірте-бірте жалпы ұғым мен қағидатқа айналды. Бейне, ұғым, тіл, мәтіндегі басым да бағдарлы қатынастар үйлестігі, әрі дүниетанымдық маңызы айқын ұстанымдар Р-лықтың негізі мен құндылығын қалыптастырды. Бағдарлы ұстаным психикалық қызметтің түрлерін – түйсіктің, қабылдаудың, көңіл- назардың, естің, түсініктің, ойланудың, қиял-арманның байланыстарын реттеу; қобалжу мен қуаныш барысында адам болмысындағы құдіреттікті іздеу; әлем мен адамның руханият тұрпатын толықтыру; басқа рухани болашағын ескеру. Іргелі ұстанымда – бастама мен бағыт, руханилық негіз болады. Жаңа қағиданың қуаты – оның пәрменділігінде. Ізгі бастаулар адам- дар арасындағы тұтастық пен бірлікті дамытуға ықпалды болып келеді. Тең тұрмыс, әділ әрекет халықтардың өзара ықпалдастығын арттырады, асқақтатады. Р. байлықты қоғамдық болмыстан, қарым-қатынастан бөле- жара қарауға болмайтынын ұғындырады. Өмірдегі құдіреттілікті іздеу дегеніміз діни төзімсіздікке ұрынбау, әділетсіздікке көнбеу, күш көрсетуге немесе өзінше азып-тозуға берілмеу. Өркениет салтанатын қалыптастыру
ісін ойланып, орындайды, ашуды ақылға жеңдіреді. Өмірде реніш те, қуаныш та, бейнет пен рахат та алма-кезек келіп отырады. Сондықтан осындай жағ- дайларды ескеріп, сабырлы болып, істің артын күту қажет. С-лы кісі басқа түскен ауыртпалықты көтере біледі. Өйтпеген жағдайда оның тез сағы сынып, мойырылып қалуы мүмкін. Адам ізгі тілек, үмітпен ғұмыр кешеді, оның кеудесінен үміт оты өшпейді. Қанағат пен ынсап С-дан қолдау таба- ды. С. адамды жауапкершілік сезімге тәрбиелейді. Жеңілтек, ұшқалақ адам сабырсыз келеді, ол орынсыз күйіп-піседі, өзін демде отқа да, суға да тастай- ды, қайғы-қасіретке салынады, ұнжырғасы түсіп кетеді, тез сағы сынады, кейде бостан-босқа абыржып, арамтер болады, өз ерік-жігерін билей алмай әуре-сарсаңға салынып, орынсыз ашуланып, қызба, жеңілтек мінез көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |