Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет386/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   390
Байланысты:
treatise187525

ЭЛЕЙ МЕКТЕБІ – б.з.б. VI–V ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған фило- софиялық мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы – Элей қ-ның атымен аталған. Өйткені мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты өкілдері элейлік Парменид пен Зенон жә- не Мелисс Самосский болды. Э. м. тұңғыш рет ойлауды (санадағы болмыс- ты) сезімдік қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. фило- софия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғы- мы Платон мен неоплатонизм философиясының қайнар көзіне айналды.


ЭЛИТА ТЕОРИЯСЫ (франц. elіte – үздік, таңдаулы) – қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады. Биол. теориялар бойын- ша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адам- дарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді. Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді. Осы сияқты психик.-аналитик., әлеум.-психол., технократтық және ғыл. теориялар бар. Белгілі бір мәселе- лерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктеріне қарамастан барлық Э. т. үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін – адамдардың табиғи тең еместігі туралы; ғыл.-тех. және әлеум. прогрестің қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың сөзсіз бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өр- кениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін «іріткі күштерді жинақтаған» бұқараның енжарлығы мен аморфтығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет