аспани дүниеге сілтесе, И. – жердегі әлем. Бұлардың қосарланған бол- мысы және жұп жазбауы бүкіләлемдік процесстердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Я. мен И-ге дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар И. менен Я. Төмендегі- дей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарқын, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте-бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Я. мен И. – жеңіл аспани және ауыр жер субстанциясы. Әсіресе, Я. менен И. қарым-қатынасын және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпы мен қатар жалқыны да қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы «И-Цзин» (Өзгеріс кітабы) құрылған. Барлық әлемдік даму Я. менен И. қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Я. тұтас горизонталды, ал И. үзік сызық ретінде бейнеленеді. Олардың жұптары 64 гексаграммаға біріктіріледі. Гексаграммадағы әрбір сызық оқиғаның дамуын көрсетеді. Я. менен И. байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісі мен болашағын тануға талпынған. Себебі Я. мен И. космос пен адамзаттың барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш ци-ге ықпал ету арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қоснұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама-қайшы күштердің қарым-қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап, оның саяси-әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді. Іс жүзінде мұнда ешбір метафизикалық түсініктің нышаны да жоқ. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі И-Цзинның өте үлкен беделділігі Я. менен И. ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.