Сабақтың басы
|
1.Сәлемдесу!
2.Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру
-Адамның дене мүшелерінің атауларын білеміз бе?
-Адамның дене мүшелері қандай қызмет атқарады?
-Бір сағат бұрын немен айналыстың?
-Сен өмірге келген кезде қандай едің?
-Ал қазір қандайсың?
-Өзгеруіңнің себебі неде?
|
Мұғаліммен сәлемдесу!
Бір-біріне қайырлы күн тілеу!
Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы өткен сабақты қайталайды.
|
Мұғалім
«Жарайсыңдар!»,
«Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздерімен ауызша бағалау жүргізеді
|
Презентация, суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ
«Білгенің жөн»
Бала сәби шағында тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемеліне келген және қартайған шағында өсуі тоқтайды. Адам дүниеге келеді, өседі, өзгереді және дамиды. Сен туғанда нәресте болдың. Одан кейін балдырған болып өстің. Ал қазір сен оқушысың. Mектеп жасынан кейiн жасөспірімдік кезең басталады, одан кейін жастық, есейген және қартайған шақ келеді.
Бастапқыда мұғалім сұрақ қояды, ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Сұрақтар:
— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?
— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?
— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме? -Жатарда ертегіні кім айтады: әжесі ме,немересі ме?
Сергіту сәті
Арам зам зам
Бейнеролик
Тақырыпқа байланысты видеоролик тамалашайды. Видеороликті бірге талқылайды.
Қызықты мәлімет
Адам 20 жасқа дейін өседі. Сен өскен сайын көп нәрсені білесің, орындай аласың. Бұл сенің дамып келе жатқаныңды көрсетеді. Сымбатты, дені сау адам болу үшін, дұрыс тамақтану керек. Спортпен айналысу қажет. Кітап оқы, музейге бар, көп білетін адамдармен сөйлес. Сонда жан-жақты дамисың.
Адам сөзіне сөзжұмбақ шешеді.
Жеке жұмыс
|
Жаңа сабақты мұқият тыңдайды.
Дескриптор: -Оқушы сұрақтың мағынасын ұғады және шешімін дәлелдейді -адам өмірінің негізгі кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелейді.
Бейнероликтен биді көріп қайталайды
Видеороликті тамашалап болған сон бірге әңгімелейді.
Оқушылар қызықты мәліметпен танысады.
«Адам» сөзіне байланысты сөзжұмбақты шешеді.
Жеке жұмысты орындайды. Сәби мен мектеп оқушысына қажетті заттарды ажыратады.
|
Мұғалім
«Жарайсыңдар!»,
«Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздерімен ауызша бағалау жүргізеді.
ҚБ. «От шашу» әдісі
ҚБ. «Шапалақ» әдісі
Мұғалім
«Жарайсыңдар!»,
«Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздерімен ауызша бағалау жүргізеді.
|
Суреттер, презентация
Суреттер
Суреттер, презентация
Видеоролик, суреттер
Сөзжұмбақ, оқулық, презентация
Жеке жұмыс парағы
|