Әр түрге жататын өсімдіктердің өсуі үшін тір шілік ету ортасына байланысты әртүрлі жағдайлар қажет. Кейбір өсімдіктер шөлге төзімді, басқалары ылғалсүйгіш болады. Біреулері жарықсүйгіш болса, екіншілері қараңғылықты сүйеді. Бірақ барлығына өсу үшін қажетті мөлшерде: су, жарық, жылу, ауа және қоректік заттар қажет.
Су өсімдіктер үшін өте маңызды, себебі ол жасушалардың құрамына кіреді және тіршілік үдерістері жүріп жатқан орта болып табылады. Ол тұқымның суды сіңіріп, бөртуі мен өнуі үшін қажет.
Жарық фотосинтез үдерісі үшін қажет, соның нәтижесінде өсімдік жапырақтарында қоректік зат тар түзіледі. Өсімдік минералды заттарды топы рақтан алады.
Сен білесің бе?
Оқушыларға жылыжайларда өсімдіктерге бар лық жағдайлар жасалатындықтан, олар жыл бойы өсе алатындығын түсіндіріңіз. Кейде онда осы өлкеге тән емес өсімдіктерді өсіреді. Егер сіздің өлкеңізде жылыжайлар болса, экскурсияға апарыңыз.
|
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға пантомимамен сау өсімдікті көрсетуді сұраңыз. Содан кейін солып бара жатқан өсімдік қандай болатынын сұраңыз. Ол неге осындай болды? Оған не жетпеді? Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?
Суреттерді салыстыр. Екі суреттегі өсімдік терді салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талдап, өзде рінің жасаған болжамдарының дұрыстығын дәлел деуді тапсырыңыз.
Алаңқай. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін, ал қай жерде өте жақсы өсетінін сұраңыз. Неге бұлай болатынын сұраңыз. Шыршалы орманның фотосуретін көрсетіңіз. Толық сөйлемдермен суреттеуді өтініңіз. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауды ұсынуға болады. Оқушылар шыршалы орманның өте қараңғы болатынын, онда жарықтың аз түсетінін, сондықтан ешнәрсе өспейтінін айтуы мүмкін. Салыстыру үшін алаңқай немесе жапырақты орманның суретін көрсетіңіз. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен “өсімдікке жарық қажет” деген қорытынды жасай алатындай етіп ұйымдастырыңыз. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке күш-қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттар түзетінін түсіндіріңіз.
Шөл. Оқушыларға шөлді жерлердің, орманның суреттерін көрсетіңіз, оқушылар суреттерді салыстырсын. “Неге өсімдіктердің барлығы шөлді жерде тіршілік ете алмайды?” деп сұраңыз. Оқу шылар өз жауаптарын негіздесін. Тамыр туралы өткен сабақты естеріне түсіріңіз. Шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзындығы қандай? Неге?
Зерттейік. Жұмысты еркін құрылған топтарда ұйымдастырыңыз.
Үрмебұршақ немесе асбұршақтың тұқымдарын, бөлме өсімдігін (немесе өніп тұрған үрмебұршақты), 3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздарды пайдаланыңыз.
Нұсқаулар
Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыс тырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқу шының атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу.
Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отыр ғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою.
Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою.
Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.
Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау.
Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала
өнген тұқымдар арқылы да жасауға болады.
Оқушыларға нәтижесінде не болатынын бол жауды тапсырыңыз. Айнымалы және тұрақты көрсет.
|