Ғылыми зерттеу үдерісі Зерттеулер көбіне мұқият, бір желілі үдеріс бола бермейтінін және зерттеушілердің алдында күтпеген жағдайлар мен қиындыктар туу мүмкіншілігі мойындалады. Сонымен қатар, зерттеу үдерісінің табиғатымен және қағидаларымен танысу күтпеген жағдайларды алдын алу аса шешуші маңызға ие болады. Осы тұста зерттеу үдерісі қалай болатыны жайлы алдын ала ойланған жөн.
Зерттеу үдерісінің элементтері бұл зерттеулерді жүзеге асыру үшін қажетті құрамдас бөліктер болып табылады. Зерттеу үдерісінің элементтері көбіне келесілерден тұрады: әдебиетке шолудан, тұжырымдамалар мен теориялар жасаудан, зерттеу мәселелерін анықтаудан; мәліметтер жинаудан; мәліметтерді талдау мен нәтижелерді жазудан.
Әдебиетке шолу Әдебиетке шолу барлық зерттеулерді жүргізуде маңызды элемент болып табылады. Өзіңізді кызықтыратын тақырып немесе мәселе талқыланған әдебиетті кездестіргенде, одан әрі ізденістерді жалғастыра беруіңіз керек. Себебі, белсенді ізденістер бірқатар мәселелердің басын ашып алу үшін қажет, олар:
тақырып бойынша алдын ала не білеміз?
қандай қағидалар мен теорияларды тақырыпта қолдану керек?
тақырыбымызға байланысты қандай ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану қажет?
тақырыбыңызға қатысты қандай даулы мәселелер бар және олардан қалай абыроймен шығуды үйрену.
қандай дәлелдемелер соқтығысы бар (егер бар болса)?
тақырыпқа катысты зерттеулер арқылы кімдер (авторлар) елеулі үлес қосты?
Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу нысанадағы мәселені, әдебиеттегі қорытындылар және пікірлермен байланыстыра отырып, сенім білдіру және өз үлесіңізді көрсету маңызды. Дегенмен, әдебиетке шолу дегеніміз жай ғана әдебиет түйіндемесі емес екені белгілі. Әдебиетке жазбаша шолу сыни тұрғыда болады. Бұл міндетті түрде тым сыни бағыттағы авторларды оқу деген сөз емес, бірақ жұмыстың мәнін бағалау керек және әдебиетке шолу жазған әр элемент мазмұндауға енуі тиіс.