Тұжырымдамалармен теориялар Тұжырымдамалар дегеніміз - бұл біздің зерттеу дүниесін мәнін тану жолымыз. Олар маңызды болып көрінетін зерттеу саласының сан түрлі қырларын танитын жалпы белгілер.
Тұжырымдамалар немесе концепциялар - теориялардың басты кілті. Шын мәнісінде, ең болмағанда, бір ұғым енгізілмеген теорияны көзге елестету мүмкін емес. Тұжырымдамалар зерттеулер жүргізудің бірнеше мақсатына қызмет етеді. Оларға біздің ғылыми қызығушылығымыздың мақсатты аудиториясын қалай ұйымдастыратынымыз бен белгілейтінімізді таңдау аса маңызды.
Тұжырымдамалар бізге ойлауға және анағүрлым тәртіпті болуға және сонымен бірге біздің зерттеулерімізді ұйымдастыруға көмектеседі.
Тұжырымдамаларды зерттеу жұмысында жинақталған басты салаларды және олардың неден басталатынын көрсететін мәліметтерді қарастыру деп ұғуға болады. Басқаша айтқанда, біз ұғымды немесе бірнеше концепцияның өзара байланысын анықтай түсу үшін мәліметтер жинақтай аламыз.
Ғылыми-зерттеудің баламалық көзқарасы оның нәтижелері болып табылады. Екінші пікірге сәйкес, ұғымдар біз жинайтын мәліметтер жайында ойланып-толғануға және оларды реттеуге көмектеседі. Әрине, бұлар бірін бірі жоққа шығаратын тұғырнамалар емес. Зерттеу жұмысын біз жиі тақырыбымызда бағыт-бағдар жасауға жәрдем ететін басты ұғымдардан бастаймыз.
Бірақ мәліметтер жинау нәтижесінде және оларды түсіндіруде біз аталмыш ұғымдарды қайта қарауымызға тура келеді немесе біздің ой-толғауымыздың жаңа қырлары ашылады.
Зерттеу саласында осы уақытқа дейінгі шыққан әдебиетпен танысу маңыздылығының себептерінің бірі - ол бұрынғы ғалым-зерттеушілерге негізгі мәселені ашу үшін негізгі ұғымдардың қандай пайдасы болғаны немесе шектеуші фактор болғаны жайында ескертеді.
Мәселен, Оксфорд университетіне түсуге талапкер студенттердің өтініштерін қабылдау немесе қабылдамау үдерісінде студенттердің бойындағы мәдени капитал бар немесе жоқтығына байланысы тұжырымдамасы пайдаланылатыны үдеріс болып келеді.
Зерттеу мәселелері және сұрақтары Зерттеу мәселелерінің зерттеу үдерісінде аса маңызды болуының себебі білгіңіз келетін және қызығушылық аяңыздағы ненің ең басты мәселелердің бірі болып табылатынын анықтауға көмектеседі.
Көптеген зертеушілер ғылыми-зерттеуді өздерін қызықтыратын басты идеядан бастайды. Зерттеу сұрақтары сізді мәселеде не білгіңіз келетінін дәл әрі қатаң қарастыруға мәжбүрлейді.