Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет54/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 1. Ежелгі көшпелі- лер дүниетанымы. – Астана: Аударма, 2005; Ислам. Энциклопедиялық сөздік.
Алматы: Аруна, 2009.


АРХАИКА (грек. Archaikos – ескі, көне) – өнер дамуының көне заман- ғы түрі. Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін айтады. Ежелгі грек өнері (б.з.б. VIII–VI ғ-да) Грекия жерінде, грек аралдары шоғырында, Кіші Азия мен Оңт. Италия жағалауларында дамыған. А. өнері өткінші рөл атқарады. А. – монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Мүсіндеу өнерінде жалаңаш денелі атлет жігіттер (курос) және киімдері мен төгілген шаштары өте дәлдікпен сомдалған қыздар (кора) мүсіндері сияқты негізгі типтер қалыптасқан. Б.з.б. VI ғасырдың 3-ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы, яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп, соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т. 1. – 450 б.


АРХЕТИП (грек. аrche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түп- нұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығарм. жасампаз қиял- дың нәр алатын бастауына жатады. А. өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени А-тер – бұл ілкі мәдени тұпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғам-


79

дағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзіл- мей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекет- теріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. А. туралы ілім- дер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Л.С. Выготскийдің


«мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің руха- ни интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің ана- литикалық психологиясында А. көмескі сананың тылсымдық құрылым- дарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы А-тер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда
«мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде А-теріне жиі оралады. Мыс., Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен тұстас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет