Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет79/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


ӘЛЕМ – болмыстың даму процесінде алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын бүкіл дүние. Ә-нің кеңістік пен уақыт бойын- ша шеті де шегі де жоқ. Ә-ді зерттеу мен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ә. жөніндегі ұғымның дамуын бірнеше кезеңге бөледі. Ә-нің шексіздігі туралы алғашқы пікір ертедегі грек ғалымы Гераклит (б.з.б. V ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол – әлем мәңгілік аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Жер-


111

дің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. V ғ.) және грек астраномы Аристарх Самоскийлер (б.з.б. ІV–ІІІ ғғ.) жердің қозғалатыны жөнінде жорамал жасаған. Коперниктің «Аспан әлемінің айналысы туралы» кітабы әлем тануда ғылыми зерттеуге жол ашты. Кейінгі замандарда әлем туралы Ньютон, Энштейн тұжырым жасады. Егер ХХ ғ-ға дейін әлем туралы ілім Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы мен Евклидтік геометрияға негізделсе, қазіргі заманғы ғылым әлем танудағы өзіндік теориялық тұжырымына Энштейннің жалпы салыстырмалық тео- риясы мен евклиттік емес геометрияны пайдаланды. Ә. кеңістік тұрғы- сынан да, уақыт тұрғысынан да шексіз, оның басы болған емес, ақыры да болмайды. Ә-ді құрайтын материя ешқашан да жойылмайды. Ол үнемі бір түрден екінші түрге ауысып отырады.




ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ – белгілі түрде қоғамның сапалық өзгешелігін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, шығу тегі мен дамуын, өткені мен болашағын, әлеуметтік процестердің логикасын пайымдайтын философияның бөлігі. Бұл философияның саласы адам мен қоғамның ара- сындағы өзара байланысты қарастырады. Бұл бағыттың негізін қалаушы – Сен-Симон (XIX ғ)., классиктері – Конт, Маркс, Энгельс, Спенсер, ХХ ғ. өкілдері –– Фуко, Бодрийяр, Бурдье.


ӘПЕНДІ – ел ішінде қулық-сұмдықты білмейтін, қақ-соқпен жұмысы жоқ, жүріс-тұрысы тосын, жасына қарамай аңқау-аңғал, қылығы қызық, әйтседе жан дүниесі таза адамды сыпаттайтын этикалық ұғым. Ол табиғи жүріс-тұрысымен және орнықты сәлем-сауқатымен ғана емес, ерекше әңгімесімен көптің көңілінен шығады. Ондай жанның мінезі мен жүріс- тұрысының әдеттегі қалыптардан алшақтығын көргенде немесе ол туралы естігенде жұрт мәз болып, сергіп қалады. Адамдар қай-қайдағы күлкілі жайттарды соларға апарып жамап, әр жерде қалжың-күлкіге айналдырып айтып жүреді. «Ә.» сөзін бұрынғыда – жағымды, жақсы мағынада, кейінірек
– теріс, келемеждеу сыңайында қолдану – ел санасына сіңіп кетті. Теріс мағынада Ә-ні «әпербақан» мағынасында да қолданылады. Әпербақан- дыққа көбіне а) алаңғасарлық, әңгүдіктік, әулекілік сияқты ұнамсыз мінез-қылықтар тән, ә) қоғамда әлеуметтік құндылықтар ауысқан, көп жақты дағдарыстар көрініс берген кезеңде өршиді. Қоғамның үйреншікті сүрлеуінен шығатын мұндай мінез-құлықта қатыгездік, дөрекілік, өзгенің абыройы мен намысын аяқ асты ететін теріс қылықтар басымдық етеді. Оның шет көріністері – ымырасыздық, қиратушылық қазан төңкерісінен кейінгі ұжымдастыру, байларды тәркілеу және репрессия кезінде етек алған әпербақандықтан халқымыз сұмдық жапа шеккені белгілі. Ә-нің сүйеніш- таянышы – оның әдеттен тыс үмітінде, қоғамның өтпелі кезінде – оның тәртіпті бүлдіргіш жойқындығында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет