Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет128/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГОББС Томас (1588–1679) – ағылшын философы, қоғамдық келісім теориясының негізін салушылардың бірі. Г. көзқарасының қалыптасуына Ф. Бэкон, Галилей, Гассенди, Декарттармен қарым қатынаста болуы үлкен әсер етті. Г. XVII ғ-да өрістеген Жаңа заман мәдениетінің филос. және саяси-әлеуметтік бастауларын негіздеуде үлкен қызмет атқарды. Ф. Бэкон сияқты білімді адам өмірі мен игіліктерінің басты қайнар көзі деп есептеп, әсіресе, қоғам туралы ілімдерді бір жүйеге келтіргісі келді. Г-тың әлеумет- тік ілімі еуропалық ойдың ары қарай дамуына үлкен әсер етті. Г. мемлекетті құдайышылықтан гөрі адами бастаулардан қалыптасатын «жасанды дене» деп қарастырды. Табиғи жағдайда, дейді Г. адамдармен бір-бірімен толас- сыз соғыс («бәрінің бәрімен соғысуы») жағдайында болды. Адам адамға қасқыр сипаттас келді. Жалпы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар қоғамдық келісімге келіп, құрастырылған мемлекетке өз құқықтары мен азаттықтарын берді. Мемлекетті басқарушының қызметі
– осы бейбітшілік пен ел құттылығын қорғап отыру. Г. өз отанындағы азаматтық соғыс зардаптарын дұрыс шешу үшін тұрақты азаматтық келісім қажет деді. Әдептіліктің негізінде Г. бойынша, табиғи заң – өзін- өзі сақтауға және табиғи мұқтаждықтарды өтеуге ұмтылу жатыр. Г-тың 18 ғ-да жан-жақты шарықтаған Ағартушылық мәдениеттің алғышарттарын қалыптастырудағы рөлі үлкен болды. Негізгі шығармалары: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640), «Философия негіздері» трилогиясы,
«Дене туралы» (1655), «Левиафан»(1651) және «Азамат туралы»(1642),
«Адам туралы» (1658).
Әдебиет: Гоббс Т. Избр. произв. – М., 1964. Т. 1–2. Философия. Энци- клопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. –Алматы: Жазушы, 2006.


ГУМАНДЫЛЫҚ (лат. humanus – адамдық, адамгершілік) – тұлға ретіндегі адамның, оның еркін дамуы және өз қабілеттерін жүзеге асыру


178

құндылығын мойындау, адам игіліктерін қоғамдық қатынастарды бағалау- дың өлшемі ретінде қабылдау. Тар мағынасында – орта ғасырдағы діни схоластикаға қарсы Қайта Өрлеу дәуіріндегі зайырлы еркін ой. Бұл өзіндік құндылықтардың түбірі адам екендігін мойындаудан бастау алады. Г-тың теориялық тұжырымы ретінде И. Канттың мына ойын келтіруге болады:


«Мен мынаны айтамын: адам және кез келген ақылды жан басқаның ырқы- нан туындаған құрал емес, әр уақытта мақсат болып табылады, өзіне не басқа ақылды жандарға бағытталған әрекеттерінде ол қашанда мақсат ретінде алынуы қажет». Теориялық ілім ретінде Г-ның негізінде адамның ешқандай шартсыз, өзімен өзі жеткілікті құндылығы идеясы жатыр. Еуропа- орталықтық ұстаным бұл идея тек Батыста қалыптасады деген пікір айтады. Алайда, ортағасырлық мұсылман философиясында мінсіз жетілген адам ұғымын (әл-камили әл-инсаний) Ислам Ренессансының өкілдері (әл-Кинди, әл-Фараби, суфийлер, парсы-тәжік ақындары) жан-жақты зерделеген. Христиандық мәдениетте Г. идеясы «басқаға деген махаббат» және
«жақынға деген махаббат» түсініктері арқылы берілген. Егер біріншісінде адам өзін және жақындарын адамзатқа деген абстракты сүйіспеншілік үшін құрбандыққа шалуға тиіс болса, онда екіншісі нақтылы адамға бағыттал- ған. Г. алыптылық (титанизм), не әлсіздік пен пақыршылық идеологиясы емес. Оның негізінде адамды қастерлеу идеясы жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет