3
Философиялық энциклопедия
ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА
Энциклопедияда мақалалар әліпби тәртібімен орналасқан. Ұғым- терминдер атауын қою бояулы бас әріптермен берілді. Бір мағынадағы ұғымдардың қатар қолданылып жүрген бірнеше атаулары болса, алдымен ғылымда қолданылып жүрген негізгі атауы берілді де, екінші атауы жанына курсив әріптермен жазылды. Мыс., ТАБУ, тыйым салу. Энциклопедияда қамтылған ұғым-терминнің аты, нақты бір мақаланың ішінде аталса, ол курсивпен терілді. Энциклопедияда жиі қайталаналатын сөздерге қысқарту жүйесі қолданылды. Энциклопедияда мақала атауы сол мақаланың ішінде қайталанған сайын тек басқы әріптермен берілді. Мыс., Мәдениет – М., Мәдениеттен – М-тен, Шешендік өнер – Ш.ө.
НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР
археол. – археологиялық мемл. – мемлекеттік
архит. – архитектуралық мыс. – мысалы
әдеб. – әдебиеттер нем. – немісше
әлеум. – әлеуметтік парс. – парсыша
б.з. – біздің заманымыздың проф. – профессор б.з.д. – біздің заманымызға дейінгі псих. – психологиялық грек. – грекше т. б. – тағы басқа
ғ. – ғасыр ун-т – университет
ғыл. – ғылыми филол. – филологиялық
ж. – жылы филос. – философиялық
ин-т – институт франц. – французша
исп. – испанша ф-т – факультет
корр.-мүшесі – корроспондент-мүшесі Шығ. – Шығармалар лат. – латынша эстетик. –эстетикалық
АЛҒЫ СӨЗ
«Философиялық энциклопедия» деп аталатын бұл кітаптың мақсаты – еліміздің 30 жыл тәуелсіз кезеңі тарихында көпэтносты Қазақстан қоғамындағы ұлттық мемлекеттіліктің негізі болып табылатын ұлттық рухани мәдениетте қалыптасқан философиялық үдеріс пен дәстүрді кешенді зерттеу арқылы, әдіснамалық талаптарға сай энциклопедияны дайындау.
Ұлттық философия – халықтың дәстүрлі дүниетанымын, тарихи- мәдени және эстетика-этикалық ұстанымын, тілі мен ділін, болмыс-бітімін айғақтап, әлемдік өркенниеттегі орнын айқындайтын рухани құндылық- тардың мәйегі. Әбу Насыр әл-Фараби мен Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи мен Абай Құнанбайұлы сияқты даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті – тұтас бір өркениет жемісі ретінде бұрын арнайы қарас- тырылмайтын. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соңғы отыз жылда ғана Қазақ елінің философиялық мұрасына арнайы назар аударыла бастады.
Қазіргі тарихи кезеңдегі Қазақстанның тәуелсіздігі философия ғылымына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының рухани қайта өркендеуі өзінің шынайы тарихын пайымдау арқылы, төлтума мәде- ниеті пен ұлттық философиясын қайта түлету арқылы жүзеге асыры- лады. Бұл еліміздің қоғамдық-гуманитарлық білім саласына, оның ішінде ұлттық философияға, мәдениеттану және саясаттану ғылымдарына келелі міндеттер жүктейді. Қолға алынып отырған бұл энциклопедияның да ғылыми өзектілігі осында.
Аталмыш ғылыми-танымдық еңбектің Қазақстан халқын біріктіруші ұлттық идеясын пайымдаудағы сипаты көпэтносты халқымыздың ынтымақ- та өмір сүруіне, еліміздегі рухани және әлеуметтік кеңістікті жаңғыртуға өз үлесін қосатындығына сенімдіміз. Жоғарыдағы қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс: әлемдік классикалық және қазіргі заманғы философиялық ойдың негізгі ұғымдарына түсіндірме беру; гуманитарлық ғылым саласы ретіндегі философия терминдерінің мәнін ашып, жан-жақты түсініктеме беру; қазақтың және басқа этнос өкілдерінің философиялық ұғым-түсініктерін сипаттап, олардың мәндік-мағыналық
4
негіздерін зерделеуден өткізу; қазіргі және дәстүрлі қазақ қоғамындағы негізгі философиялық ұғымдардың мазмұнын ашу.
Бұл еңбек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Практикалық жағы- нан алғанда қазақ тіліндегі философия бойынша энциклопедиялардың, сөздіктердің, анықтамалықтардың тапшылығын ескерсек, бұл кітап осы ол- қылықтың орнын толтыра алады деген үміттеміз. Әрине, басқа сөздіктерде философиялық ұғымдарға ұтымды нұсқа берілген сипаттамалар әдебиет- тер тізімінде көрсетілу арқылы қолданылды. Шығарма елімізде қазіргі кезеңдегі отан тарихын ежелгі заманнан тәуелсіздікке дейін және жаңаша тарихты қайта зерделеуден өткізіп жатқан дәуірде қалыптастырылды. Ол ұғымдық түсініктемелер тұрғысынан маңызды ғылыми және философия- лық әдістемелік бағдар ретінде өзіндік қызметін атқарады деген ойдамыз.
Энциклопедия философия саласындағы зерттеулердің ғылыми-әдіснамалық мазмұнының артуына ықпалын тигізері сөзсіз. Жұ- мыстың нәтижелерін философия, мәдениеттану және саясаттану ғылым- дарына арналған кешенді зерттеулерде, пәнаралық жобаларға, жалпы ағартушылық және тәрбиелік бағдарламаларда пайдалануға болады.
Энциклопедияның теориялық және қолданбалы нәтижелерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің барлық мекемелері қолдана алады. Оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ғылыми қызметкерлер бұл еңбекті анықтамалық және ғылыми түсіндірме ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне, Ұлттық-мәдени орталықтарға, әкімшіліктерге, Үкімет ұйымдарына пайдасын тигізеді деген үміттеміз.
Білім мен ғылымның әртүрлі салаларына қатысты энциклопедиялық сөздіктер мен анықтамалықтарды жариялау жағынан бізбен көршілес Ресейдің анағұрлым алда екені күмән туғызбайды. Ал біздің елімізде бұл бағыттағы жұмыстардың енді ғана қарқын алып келе жатқаны белгілі. Негізінен мұндай жинақтардың пайда болуына «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы мұрындық болып келді. Гуманитарлық білім салаларына қатысты қазақ тіліндегі осындай еңбектердің зәрулігі байқалады.
Елімізде осы салада жазылған энциклопедиялардың көпшілігі толыққанды ғылыми сипатта емес және қолданбалы тұстары аздау. Сондықтан осы ғылым салаларының негізгі ұғымдарын тарихи-философиялық зерттеу мәдени-тарихи ахуал мен рухани жағдайды қайта қалпына келтіруге септігін тигізіп қана қоймай, оның сабақтарын қазіргі Қазақстандағы қоғамдық ойды дамытуға да пайдалануға болады. Осы себептерге байланысты бұл энциклопедияның күтілетін ғылыми нәтижелері бәсекеге толықтай қабілетті бола алады, сонымен қатар, олар ұлттың ұйысуы мен қоғамның бірігуі үшін қазіргі әлеуметтік саланың модернизациялануы кезеңінде үлкен маңызға ие болары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |