Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Римский клуб // Новейший философский словарь. 2-е изд. – Минск: Интерпрессервис; Книжный дом, 2001. – С. 833–839; Қазақстан–2030



бет134/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Римский клуб // Новейший философский словарь. 2-е изд. – Минск: Интерпрессервис; Книжный дом, 2001. – С. 833–839; Қазақстан–2030.
Алматы: Білім, 1998.


ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ – ғылыми танымның даму үдерісінде ғылымның жаңа салаларының, жекелеген ғылымдардың туындауына бай- ланысты оларды белгілі бір негізде логикалық бөлу, тарқату. Антикалық заманда барлық білім философиямен теңгеріліп, философия ауқымында қарастырылып келді, яғни білімнің бірлігі, біртұтастығы орын алды. Ал- ғаш болып жинақталған білімді жіктеуді іске асырған Аристотель, қолдану аясына орай оны теориялық, практикалық және шығармашылық деп үшке бөлді. Араб-мұсылмандық ортағасырлық философияның өкілдері Аристо- тельге сүйеніп бұл мәселенің шешімін өздерінше нақтылады. Мысалы,


185

әл-Фараби өзінің арнайы трактатында оларды жүйелі түрде бөліп, жан- жақты тарқатады: тіл туралы ғылымдар, логика, математика, жаратылыс- тану ғылымы, философия, азаматтық ғылым және т. б. XVII ғ. бұл мәсе- лені ағылшын философы Ф.Бэкон өзінше шешіп, тарих ғылымы, фило- софия, өнер деп ғылымдарды негізінен үш топқа бөлген. Гегель диалек- тикалық даму принципі негізінде өз философиялық ілімін логика, табиғат философиясы және рух философиясы деп үшке бөліп қарастырады да, әрқайсысын тағы да үшке бөледі: логика болмыс туралы, мән туралы және ұғым туралы үш ілімнен тұрады; табиғат философиясы механиканы, физиканы және органикалық физиканы қамтиды, ал рух философиясы да субъективтік рух, объективтік рух және абсолюттік рух делініп үшке жіктеледі. Б.М. Кедровтың жіктеуінше, ғылымдар негізінен мынандай топ- тарға бөлінеді: 1. Философиялық ғылымдар (диалектика, логика). 2. Матема- тикалық ғылымдар. 3. Жаратылыстанулық ғылымдар. 4. Техникалық ғылым- дар. 5. Әлеуметтік ғылымдар. Әрбір топтың өзіндік ішкі таралымы және бар. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарын алсақ, олар механика, физика, химия, геология, география, биохимия, биология, адам физиологиясы, антро- пология болып жекелеген ғылымдарға тарқатылады. Ал жекелеген ғылым- дардың өзі бірталай ғылыми пәндерге бөлшектенеді. Мысалы, физиканың жекелеген пәндеріне акустика, оптика, термодинамика, электродинамика, статистикалық механика, кванттық механика және т. б. жатады. Ғылым- дарды осылайша жіктеудің маңызы өте зор. Біріншіден, бұл ғылымдардың тарихи даму үдерісіне, философиядан бөлініп шығуының тарихына, адам танымының төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай даму логикасына дөп келеді. Екіншіден, бұл әр жеке ғылымның бүкіл ғылыми таным өрісінде алатын орнын анықтап береді, олардың бір-бірімен байланысын, иерархиясын түсінуге мүмкіндік ашады. Үшіншіден, ғылыми танымның даму үрдісін тап басуға, оның болашағына көз жүгіртуге жағдай жасайды. Ғ.ж. мәселесін шешудің басқа да жолдары, әдістері болуы мүм- кін. Адамзат мәдениеті дамуының тарихи сатыларына орай ол әрқилы шешіліп, ғылым дүниесін тұтас қабылдап, оны дұрыс түсінуге белгілі бір масштаб береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет