Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007



бет218/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


ИНТЕРМӘТІН – бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі. Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Ол үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. И. мәтін шекарасын бұлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. И. негізгі қасиеті оның ішкі әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Мәтін өзге мәтіндерден, өзге мәтіндерге қатысты шығарылады және тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес. И-дік аталатын құбылысқа кейде шығармадан кейін жазылған мәтіндерді енгізеді. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де тірлік етеді, – дейді Р. Барт. Бұл тұрғыда, кез-келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. И-дік құбылыс семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мәдениетті қамтиды. И. тұрғысынан мәтін мен оқырман, оқу мен хат арасындағы айырмашылық және қарсы тұру жоққа шығарылады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


ИНТЕРНАЛИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТЕРНАЛИЗМ – ғылымның генезисіне, қалыптасуы мен дамуының тарихына деген екі қарама-қарсы бағыттағы көзқарастар. Интерналистік бағыт бойынша, ғылым дамуының көзі оның өз ішінде, оның ішкі мүмкіндіктеріне, потенциясында. Яғни ғылым дамуының өз ішкі логикасы бар және ол ойлау тәсілінің өзгеруіне байланысты. Мұндай бағыттағы көзқарасты А. Койре, Дж. Агасси, Р. Холл сияқты авторлардың еңбектерінен кездестіруге болады. Э-стік бағыт ғылыми білімнің дамуын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы өзгерістермен байланыстырады, яғни сыртқы себептерге жүгінеді (Б.М. Гессен, Дж. Бернал, Р. Мертон және т. б.). Қазіргі философиялық-әдіснамалық әдебиетте бұл екі бағыттағы көз- қарастардың қарама-қарсылығын жеңуге, сөйтіп синтезді бағыт ұстануға деген талпыныстар бар. Мысалы, Т. Кунның парадигмалық тұғырнамасы (концепциясы) осындай бағдар ұстайды, оның түсіндіруінше, қандай да болмасын ғылым дамуының бас кезінде оған қоғам тарапынан әлдебір әлеуметтік мұқтаждық түрткі болады, ал оның толықсыған шағында дамуы көбіне интерналистік тұрғыда, яғни ішкі себептердің әсерімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет